Фетхие

Фетхие «Сәуле елінің бұзылмаған бикеші» ретінде белгілі, Жер орта теңізінің теңбілденген  ірі және ұсақ аралдарында, солтүстікке ашылған бұғазда орналасқан. Әдемі қала, бейіттерден жартасқа қарайғы қала сыртындағы қарағай орманы, қамал жағынан тегістікке, одан әрі теңізге жалғасады.

Көкжиекте Шовалия (Рыцарь) аралдары,Гюнлюк бары мен таулар көрініп тұр.

 

Фетхие Персов, Ликиицев, Каряицев және Римдіктердің тарихи шығармаларымен әйгілі Мәдениетінің байлығы, табиғи сұлулығы,  географиясы осы орындарды ең маңызды туристік орталықтардың бірі жасайды.  Фетхиедегі теңіз суының температурасы ешқашан 16 градустан төмендеп көрген емес.

 

Бұл жерде неғұрлым жақын танымал жағажайлар –  Чалыш пен Карагозлер жағажайлары.  Чалыш  жағажайы жақсы желдетіледі және серфингпен айналысуға өте қолайлы болып келеді. Жағажайда орталықтан 4 км жерде тұрақты және жиі   автобустар мен шағын автобустардың рейстері ұйымдастырылған. Жағадайдың жолы бойынша және периметрімен көптеген қонақ үйлер сап түзеген. Бұл жерде мейрамхана, барлар, сауда орындары, сонымен бірге курорттар жеткілікті орналасқан.


Карагозлер бірінші және екінші жағажайында, тіпті жел күнгі ауа райында да толқындар болмайды және теңіз суға түскенге аса қолайлы. Жағажайда  муниципалитеттің қайық станциялары бар, сондай-ақ су спортының бірнеше түрлерімен  айналысуға мүмкіндік те бар. Соңғы жылдары  Фетхиеде  Академиялық ескек есуге деген қызығушылық көп, әр жылы            9-10 ақпанда осында академиялық ескек есуден жарыс өтеді, онда Жер орта теңізі кубогі ойнатылады.

 

Жағалаудан Фетхие бұғазынан батысқа және солтүстік-батыста орналасқан аралдарға моторлы қайықтарда экскурсиялар ұйымдастырылған.  Күнделікті экскурсиялардағы қайықтардағы ең танымал бағыттар, Годжек аралдары тарапынан 1. 12 және Өлі теңіз жағына 2 -бағыттар. Өлі теңіз, Кыдрак және Беледжегиз тек Түркияда ған емес, сонымен бірге барлық дүние жүзіне белгілі.


Өлі теңіз

Фетхиеден Өлі теңізге дейінгі кедір-бұлырлы жолдың шетінде сіздің көз алдыңызда ғажайып көкшіл түс тұрады.Бұл –  Бельджегиз бұғазы. Бұғаздың жағажайына қыдыра жүріп, Өлі теңіздің сұлулығына рақаттаныңыз. Өлі теңізде ешқандай да сыбдыр жоқ, кім қараса да ақықтай айдынымен арбап алады.

 

Өлі теңіз жерінің 950 гектары  Кыдрак табиғи саяжайы деп жарияланған.  Өлі теңіздің жіңішке мүйсі мен Кыдрак жағажайында тағам, сусын сататын орындар, сондай-ақ пикниктерге арналған алаңдар бар.  Жағажайда су спортының түрлерімен –  байдаркамен, желкенді  спортпен, судағы шаңғы тебумен айналысуға мүмкіндік бар.


Хисарону мен  Оваджик

Соңғы жылдары  қарағайлы орман арасындағы әдемі қалашықтар Хисарону мен  Оваджик Фетхие  туризмінің кең танымал орталықтары болды. Оваджык қаланың орталығынан  6км жерде және Өлі теңізден  5 км жерде орналасқан. Ертеде салынған көптеген курортттар, қонақ үйлер қалашықты туристік орталыққа айналдырған. Өлі теңіз бен Фетхие арасында орналасқан Оваджык қаладағы көп тобырлардан қашықта демалуға таптырмайтын орын болып табылады.

Оваджыкқа таяу жерде орналасқан Хисарону  көптеген қонақ үйлерімен, қонақ күтетін орындарымен және демалыс үйлерімен демалыстың ең таңдаулы орындарының бірі болды. Оваджык пен Хисаронуда шағын автобустардың рейстері ұйымдастырылған.