Мәдениет және Өнер

БИ

Түркия – өте көне халықтық би дәстүріне ие, әр аймақтың өзіне тән биі бар. Түркиядағы әр би, өте көркем, ырғақты, сыпайы, өз алдына стильді болп келеді. Ең танымал билердің біріне «Чайда Чира» биі жатады, ол Орта Анадолы, Сивас өңірінің биі. Алтын-күміспен көмкерілген камзол киген жас қыздар, қараңғыда қолдарына шам шырақ алып осы биді орындайды.Орта теңіздің оңтүстік жағалауында орналасқан, Мерсин өңірінің биі –«Силифке Йогурду», ерекшелігі – бишілер ағаш қасықтарды бастарының үстінен бұлғап орындайды. Шығыстағы, Карса өңірінің «Шейх Шамиль» биі кавказдық батырдың, көркемдеп сахнаға салынған аңызы. «Килич Калкан», Бурса өңірінің дулығамен және қылышпен орындалатын эпостық биі, Измирдің «Зейбек» биі – ол да эпостық, жігерлі орындалатын биі, биді еркектер орындайды,олар қадамдардың ортасында тізерлеп жерге отыра кетеді. Фольклор балетке де біршама ықпал еткен. Балет алғаш Еуропаға Ресейден әкелінген, ал республика құрылған тұсында басқа да атқарушы өнер түрлері сияқты, өз алдына институт болып құрылды.Түрік балетінің бүгінгі маңыздылығы, көбіне  ирландық хореограф Дам Нинетт де Валуаға борыштар, Түркияның Мемлекеттік балеті Анкара және Стамбул  сахналарында, осыдан  он жылдар бойы  дүние жүзіне танымал класикалық туындылар қойылуда. Соңғы уақытта оның репертуарында, кейбір жаңа шетелдік, өзіндік қойылымдар орындалуда, Анадолының жалыны іспеттес  заманауи труппалар, дуние жүзілік сахнаға шығуда.

ТҮРІК ӘУЕНДЕРІ

Сарай мәдениетінің пайда болуымен,түрік халық музыкасы өзіне ғана тән формасымен классикалық музыкаға айналды. 16 ғасырда өзінің шарықтау шегіне жеткен музыка "Итри" атты сазгерге борыштар. Түрік классикалық музыкасының даңқты есімдері : «Деде Эфенди», «Хаджи Ариф бея» және «Тамбури Джемиль Бей». Тыңдарманы көп бұл формадағы әундерді әлі де кәсіби шеберлер орындауда.  Түрік музыкасы – ұлттық музыкалық дәстүрдің бір түрі болып табылады. Ол  тамбур, канун, ней мен уд сынды аспаптармен орындалады. Түрік музыкасы ғасырлар бойы байыпен, Түркияның ауылды жерлерінде өңделді. Әрқилы ырғақты және алуан тақырыпты   әр түрлі музыкалық мұрағаттарда шамамен 10000-дай халық әуендері бар. Түрік дінінде  саздардың, көбінесе өлеңдердің өзіндік бай дәстүрі бар, олар сопылық саздарда (Мевлеви) керемет келісімін тапқан. Түріктер батыстың класикалық музыкасын оркестрлер арқылы енгізді, оркестр сұлтанның тойына сарайға арнайы шақыртылған болатын. Бұдан кейін де даңқты итальян сазгері Доницетти, көптеген жылдар бойы сарайға шақыртылып отырды. Алғашқы әскери оркестрдің негізі 19 ғасырда қаланды. Республика кезңінде, Президенттің симфониялық оркестрі дәріптелді, симфониялық оркестр 1924 жылы Стамбул басқармасының консерваториясында негізі қаланды,ол Түркияда класикалық музыканы енгізуде, әлемге танытуда бірден-бір бастапқы рөл ойнады. Түрік сазгерлері шабытын халық өлеңдерімен,түрік класикалық музыка туындыларынан  алып отырды. Бүгінгі таңда Хикмет Шимшек , Гюрер Айкал сынды дирижерлер, Идиль Бирет, Сюкер Пекинел пианистер, скрипкашы Сун Кан үздік өнер шеберлері болып  танылуда. Әйгілі Ла Скала операсының солисткасы Лейла Генджер бұл операның бетке тұтарлық сопраноларында, Лейла ханымның Отаны – Стамбулда берілетін концерттері өзіне көпшіліктің  назарын аударады.

ТЕАТР ЖӘНЕ КИНОМАТОГРАФИЯ

Түрік театры, Карагез атты көлеңкелер театрынан туындалған болып есептеледі. Ол моральдік Панч пен Джуди және Лорел мен Хардидің туындыларына ұқсас,бірақ олардан орташа болып келеді. Кейін ол тұрақты дәстүрде дами бастады, кафе, бақтар сынды  қоғамдық орындарда спектакльдер көптеп қойыла бастады, олар тек қана актерлердің қаражатымен қойылды. Ататүрік өнерге өте үлкен мән беретін, сонымен қатар театр,музыка мен балетке белсенді қолдау көрсетіп отырды, бұл шаралар түрлі мемлекеттік мекемелердің жеке құрылуына септігін тигізді.Түркия – бүгін асқақ кәсіптік, гүлденген сахна иегері, сонымен қатар театр, опера мен балет, киноиндустрияда гүлдене даму үстінде. Фильм жасап шығару Түркияда 1950 жылдары басталды. Ең бірінші әйгілі кинорежиссер Омер Лютфи еді. 1960 жылдары 60-қа жуық фильм түсірілді. Ол кезеңнің әйгілі режиссерлері : Метин Эрксан, Халит Рефиг, Эртем Герец, Дуйгу Сагироглу және Мемдух Ун болатын. Олар әлеуметтік мәселелерді қозғай отырып, жемісті фильмдер түсірді. 1960  жылдардан басталған кезеңде, теледидар киноға нашар ықпалын туындатқанда, сахнаға Йылмаз Гюней, Атиф Йылмаз, Зеки Октен, Сериф Горен, Февзи Туна, Омер Кавун мен Али Озгентурк сынды әйгілі режиссерлер шықты. Қазіргі таңда бұл елдің фильмдерін, Кан кинофестивалінің және басқ ада осындай шаралардың, беделді марапат алушы үміткерлерінің қатарынан көруге болады. Қазіргі түрік кионсының көшбасшы режиссерлері Нури Бильге Джейлан, Фатих Акин, Ферзана Озпетек, Абдулла Огуз , Семих Капланоглу – олардың туындылары ең жемісті болып есептеледі. Нури Бильге Джейланың "ҰЗАҚ"  атты фильмі 2003 жылы Кан фестивалінің бас жүлдесін ұтып алды. 2007 жылғы Кан фестивалінде, ең үздік сценарий үшін жүлдені режиссер Фатиха Акинанің «Өмірдің шалғайында" (2006г) атты фильмі жеңіп алды.

Анадолыда өтетін, «Алтын апельсин» кинофестивалінде  "Жұмыртқа" фильмі рекордық санға жететін жүлде жеңіп алды (Семих Каплаоглу), Португалиядағы  «Эшториле Еуропиан» кинофестивалінде ең жақсы екінші фильм атағын, ал Испаниядағы, Севилия кинофестивалінде «Eurimages» әділ қазылардың жүлдесін "Бақ"(Абдулла Огуз, 2007) жеңіп алды,Европа кеңесі фильмге " Адам құқықтарын қорғау үшін» деген төлемақы тағайындады. Канн  кинофестивалінде ең үздік  режиссура атағын  "Үш маймыл  фильмі" алды.Түркияда жыл бойы неше түрлі көркем өнер фистивалдері өтеді, олардың кейбіреуін атап өтетін болсақ ,  Стамбул  халықаралық кинофестивалі, Анадолыда Алтын апельсин кинофестивалі атап өтуге тұрарлықтай.

ТҮРКИЯДАҒЫ КӨРКЕМ СУРЕТ ӨНЕРІ

Түркиядағы 18 ғасырдағы сурет өнері тек миниатюра түрінде болды және кітаптармен тығыз байланыста болатын, оның себебі сурет қолжазбаларда кеңінен пайдаланылды. 18 ғасырда қабырға суреті кезеңі басталады, сурет өнеріндегі үрдіс майлы бояу әдісіне қарай бет алады. Еуропа ықпалымен әскери мектептерге сурет салу сабақтары енгізіле бастайды. Осы себептерге байланысты алғашқы түрік суретшілері әскери адамдар болатын.Түрік сурет өнеріндегі жаңа қарқын – сонымен қатар адам бейнесін салу Сурет Академиясынан басталды, академияның негізін қалаушы сурет өнеріндегі ірі тұлға –Османа Хамди Бей. 1923 жылы Республика құрылғанан кейін, осындай мекемелердің мұрагері ретінде Заманауи өнерлер қоғамы құрылды, қарқынды өсіп келе жатқан халық суреттерді сатып ала бастады, банктер мен жеке меншік компаниялар тіпті өнерге инвестиция жасай бастады.

ТҮРІК ӘДЕБИЕТІ

Көптеген жылдар бойына  әдебиет байырғы заманнан бері, түрік қоғамының мәдени өмірінің бір бөлігі болып есептеледі, түрік әдебиетінде бұл жердің тарихы, аңыздары, тылсым, саяси және әлеуметтік өзгерістер өз көрінісін тапқан. Исламнан бұрынғы көне дәуір түркі әдебиетінің мұрасы болып есептелетін туынды, екі үлкен тасқа ойылып жазылған 135 шумақтан тұратын, «Орхон жазулары» Солтүстік Моңғолиядан табылды, жазу Турік қағанының бұйрығымен орындалған, ол қағанның бауырына арналды (құлпы тас). Осман кезеңінде, сарай әдебиетінде өлең-жырлар басым болды; Анадолылық және Осман диалектісінде жазылған туындылардың басты тақырыбы – романтика және сұлулық болды. Осман әдебиеті, Парсы мәдениетінің ықпалында, түрік, араб және парсы диалектілерінің қосындысынан туындаған тілде жазылды. Ақсүйек сарай әдебиетіне қарағанда, Анадолыда халық фольклорлік әдебиеті басым болды, халық жазушылыры қарапайым түрік тілінде табиғатты, махаббатты жырлады және Аллаға мадақ жырларын да жазды. 20 ғасырларға таман, Түрік әдебиеті айқындала түсіп саяси-әлеуметтік бағытқа бет бұрды. 1930 жылы саяси дебаттардың ортасында, даңқты ақын Назым Хикмет те болды, ол орыс ақыны Маяковскидің өлеңдерінен шабыттанып,түрік әдебиетіне дербес шумақ өлшемін енгізді. Бүгінгі таңда кеңінен тараған романдардың жазушысы, әрине Яшар Кемаль болып табылады, ол анадолылық өмірді өзіне тән сипатта, көркемдеп әсерлі етіп жазады. Жас түрік жазушылары, фиминизм тақырыбынан басқа, әлеуметтік сұрақтардың сыртына шығатын тақырыптарға жазуға талпынуда, мұндай тақырыптар  интелектуалдардың қызығушылығын туындатады.

1950 – 1990 жылдар аралығындағы оқырмандары көп, ең әйгілі жазушылардың тізімін былай көрсетуге болады: Тарик Дурсун К., Аттила Ильхан, Яшар Кемаль, Орхан Кемаль, Кемаль Тахир, Тарик Бугра, Азиз Несин, Мустафа Неджати Сепетчиоглу, Фирузан, Адалет Агаоглу, Севги Сойысал, Томрис Уяр, Селим Далее, Джеват Шакир (Гарольд Пинтер), Неджати Джумаали, Халдун Танер. Крупные поэты того же периода: Бехчета Кемаля Чаглар, Неджати Джумаали, Октай Рифат, Мелих Джевдет Андай, Джемаль Сурия, Эдип Джансевера, Оздемир Индже, Атаолы Бехрам, Исмет Озель, Ece Айхан, Тургут Уяр, Сазайы Каракоч, Бахаеттин Каракоч, Умит Яшар Огузоглу.

 2006 жылы Нобель сыйлығымен марапатталған, түрік жазушысы Орхан Памук,  кітабында өз  қаласының меланхолиялық рухын іздеу үстінде,  араласқан мөдениеттердің ортасында туындайтын қақтығыстардың жаңа рәміздерін тапты.