Түрік өмір салты!

Түркиядағы өмір – бұл бұдан жүз жыл бұрынғы және қазіргі заманғы мәдениет пен дәстүрлі алуан түрліліктің бір жерде үйлесуі. Осы экзотикалық елдің қонақтары мұнда өздеріне толықтай таныс картинаны бақылауы мүмкін, өйткені, шығыс және батыс өмір салттарының сиқырлы тұтастығы түрік өмірінің ең маңыздысы болып табылады.

Тіл

Әлемнің әр түкпірінде 220 миллион адам сөйлейтін түрік тілі урецкий язык , на котором  говорят 220 миллионов человек в разных концах света, входит в группу 5-и наиболее широко используемых языков, является официальным языком страны. Современный турецкий язык, родившийся от диалектов знакомых с  11-го века, входит в группу Урало - алтайской языковой семьи ,в которую вошли  также и финский, и венгерский языки. Түрік жазуында қосымша енгізілген 6 әрпі бар латын әріптері қолданылады. Мұнда әрбір әріптің  тек бір ғана дыбысталуы бар : әрбір сөз қалай жазылса, дәл солай оқылады. Осман кезеңінде түрік жазуына араб әріптері қолданылды, сондықтан осы тілде кейбіреулер ғана жаза алатын. Халықтың көпшілік бөлігінің араб тіліндегі міндетті шектеулігін кеңейту және түрік тіліне үйрету  мен оқудағы қиындықты жеңу үшін 1928  жылы  Ататүріктің көтерген ресми бастамасымен латын әріптеріне көшу жүзеге асырылды. Шет тілін үйрену кезегінде француз және неміс тілдерін ағылшын тілі басып озуда, ол күннен-күнге кеңінен тараған екінші тіл болуда, мектептерде ағылшын тілін оқытады. Түркияда ағылшын тілі кеңінен тараған және  көптеген адамдар осы тілді біледі. Түркияда қолданылатын шет тілдерінің ішінде неміс, орыс тілдері және танымал курортты жерлерде француз тілдері бар.

Дін

Түркиядағы халықтың 99%-ы мұсылман болғанына қарамастан, дін әркімнің жеке ісі ретінде қарастырылатындықтан, мұсылман әлеміндегі бірден-бір зайырлы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік құрылым зайырлылыққа негізделеді, бұл діннің мемлекет істеріне ешқандай  әсері жоқтығын көрсетеді. Түркияда григориандық күнтізбе қолданылады, сонымен бірге ол туралы пікір  қалыптасқандай, жұма күні демалыс күні емес. Басқа да еуропалық елдер сияқты демалыс күні – жексенбі болып бекітілген. Осман империясы кезеңіндегі діни сенімнің әр түрлілігі, көптеген адамдардың алуан түрлі дінді ұстануы бұрынғы қалпында әлі де сақталып қалған, сондай-ақ Түркияда бүгінде тағзым ету үшін  236 шіркеу мен  34 синагогтар ашылған. Түркияға келген туристер мұсылман елі туралы еске түсіретін күніне бес рет  намаз оқуға шақыратын азан дауысынан басқа нәрсені кездестіруі мүмкін емес. Басқа да батыс елдері сияқты мұнда да халық заманауи киім үлгілеріне басымдылық береді; ал үлкен қалаларда және танымал курорттарда Париждің, Лондон мен Миланның соңғы киім үлгілеріне ілесетінін оңай айқындауға болады. Түркияның ірі қалаларындағы киім кию үлгісі Еуропаның басқа бөліктерінен ешқандай да ерекшеленбейді, тек шағын қалалар мен қала сыртындағы жерлер мен шығыс өңірлерде киім үлгілері ұлттық дәстүрде болып келеді.  

Шағын қалаларда әйелдердің орамал тартуы – өте кеңінен тараған құбылыс, бірақ бұл әдеттің себебі діни нанымнан гөрі мәдени және практикалық түсініктерде жатыр. Мешітке келген кездегі киім үлгілеріне ғана баса назар аудару қажет. Кез келген мешітке кіргісі келген жанға, бұл ер адам немесе әйел адам болса да,  қысқа шалбар кигеннен аулақ болған жөн және аяғын жабатын киім кигені дұрыс. Әйелдер басы мен иықтарының жабық болуына назар аударуы тиіс. Мешітке кірер алдында аяқ киімді шешеді. Әдетте мешіттерде аяқ киім салатын шкафтар бар, алайда аяқ киімді сөмкеге салған дұрыс. Оның үстіне намаз оқитын уақытта мешіттің келушілер үшін жабық екенін білген пайдалы. Түркияда екі үлкен Ислам мерекесі тойланады. Бұл екі күн  жыл сайын жылдық күнтізбеге сәйкес (хижра немесе ай күнтізбесі бойынша) өзгеріп отырады. Рамазан (Ауыз бекіту мерекесі)  ауыз бекітудің соңында аталып өтіледі. Құрбан байрам (Құрбан шалу мерекесі) Рамазаннан кейін екі айдан кейін аталып өтеді; бұл мереке кезеңінде ауқатты мұсылмандар қой немесе сиыр сояды және де етін  отбасына, достарына және көршілеріне (жағдайы төмендерге) таратады. Мереке күндері ішінде мемлекеттік мекемелер мен кейбір ұйымдар жабық тұрады, бірақ курортты қалаларда өмір өзінің арнасымен ағады. Курортты қалалардан  мерекені демалып өткізгісі келетін түріктердің өзін жиі кездестіруге болады.

Қонайжайлылық

Түркияға келген туристер  Түрік халқының достық қарым-қатынасына таң қала отырып, өздерін бақытты сезінеді, олар көңілді әңгіме дүкен құру үшін немесе қажет болғанда қандай да бір мәселеге көмектесу үшін жолдарынан бұрылуға да дайын.  Қонайжайлылық түрік мәдениетінің негізінде қаланған, сондай-ақ түріктер келушілерді Тәңірдің  өзі жіберген қонақтар ретінде қарайды. Бұл ойлау жүйесі 21 жүзжылдыққа дейін сақталған, және көпшілік туризм құбылысымен бірге ол жойылып кетпейді. Түріктің басым көпшілігі шет елдік қонақтармен танысудан үлкен ләззат алады, өйткені ол танысулар басқа елдің мәдениетін тануға және өздерінің шет тілдерін дамытуға мүмкіндік береді. Түріктер үшін, оның ішінде, әсіресе, ер адамдар үшін беттерінен сүйіп амандасу әдеттегі құбылыс болып табылады.  Оның үстіне, түркі халқы ұлттық жалауға қасиетті зат ретінде қарайды және бұл дәстүрге айналған. Осы себептен Түрік жалауына қатысты тіпті аздаған төмендету немесе құрметсіздік танытудан аулақ болуға тырысқан жөн.