Ал сіз бұл туралы білесіз бе?

 

*  Стамбул мыңжылдық тарихы ішінде  үш ұлы империяның – Римнің, Византияның және Осман империясының астанасы болды,  бүкіл әлемде екі құрылықта (Еуропа мен Азия) орналасқан бірден-бір қала.

* Дүние жүзіндегі тарихта белгілі алғашқы қоныстанушылар б.д.д. 6500  дейін Чатал-Хююк  ішкі Анадолыда  (Анатолия) орналасқан.

* Киелі-Николас – Санта-Клаус – Түркия аумағында Патара жерінде туған, Демреде оған арналған шіркеу бар.

* Мәриям Ана өзінің соңғы күндерін  көне Эфес қаласына таяу орналасқан Сельджук жерінде өткізген.

* Еуропа мен Азия бұғазының арасын қосып тұратын  көпірдің жобасын Леонардо да Винчи жасаған. Бұл көпір ешқашан салынбаған.

* “Veni. Vidi. Vici.” (Келді, көрді, жеңді!):  ұлы қолбасшы  Юлий Цезарьдің  Түркияның Қара теңіз өңірінде орналасқан Понтий патшалығын жаулап алғаннан кейінгі айтылған  әйгілі сөздері.

* Өзінің мысалдарымен және ертегілерімен даңқы шыққан танымал Анадолыда (Анатолия)Эзоп Анадолыда (Анатолия) туған.

* Ең алғашқы тарихтағы белгілі университет Түркияның оңтүстік шығысында, Харран жерінде ашылған.

* Гомер қазіргі Түркияның аумағында Измир қаласының батыс жағалауында туған, Илиада батырлар эпосында сипатталған Троя осы қаланың  солтүстігінде орналасқан.

* Түріктер дүние жүзіне шешекке қарсы салынатын вакцинаны ашқан. Леди Монтегюдің ұлының өмірін түрік дәрігерлері сақтап қалған Леди Монтегю, 18 ғасырда Еуропа мен Англияны  осы вакцинамен танныстырды.

* Түркияның Оңтүстік-Батыс жағалауларының бірі  – Марк Антонионың  Клеопатраға үйлену тойына жасаған сыйлығы болып табылады.

* Атақты Троян соғысы Түркияның батыс бөлігінде өткен, бүгінде бұл өңірде  Троян атының алып мүсіні орналасқан.

* Александр Македонский қазіргі Түркияның астанасы – Анкараға таяу көлемді фригия астанасы Гордианаға дейінгі аумақты жаулап алған. 

 * Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Артемида  Ефессиялық  храмының іргетасы Измир қаласындағы Сельджук жерінде орналасқан.

* Әлемнің жеті кереметтерінің  екеуі Түркияда  орналасқан: оның бірі – Артемида  Ефессиялық  храмы, ал екіншісі – Халикарнас кесенесі.

*  «Туркуаз» (ақық) сөзі «Түркі» сөзіне негізделген, Түркияның оңтүстігіндегі Жер орта теңізінің ғажайып түсінен шыққан.  

*Алғашқы көне монеталар  Лидия Корольдігінің астанасы Сардыда б.д.дейінгі  VII ғасырда жасалған.

* Ұлы тасқын туралы аңызға сай  Нұқ пайғамдардың кемесі  су тартылғанна Анадолыда (Анатолия) кейін Анадолының (Анатолия) шығысында Арарат тауында қара жерге тоқтаған.

* Анадолы  (Анатолия)  тарихтың атасы – Геродот пен Киелі  Павел Фригия Мидас  сияқты көптеген тарихи тұлғалардың отаны болып табылады.

* Ең алғашқы әлемнің дәйекті картасының бірін әйгілі  теңізші және картограф Пири рейс 1513 жылы құрастырған.

* Әйгілі қызғалдақтар алғаш рет Түркиядан  Голландияға жеткізілген, олар  кейінірек Англия мен Голландияда  үлкен  қызығушылыққа ие болады. Стамбулдан Венаға  1500 жылдары жеткізілген қызғалдықтың баданаларының кеңінен тарағаны соншалықты 1634 ж. Нидерландияда дағдарыс кезеңіне  «Tulip Mania – Қызғалдақ Маниясы» деген атау берілген. Бүгінгі қор биржаларына ұқсайтын ұйымдарда Қызғалдақтарға инвестиция да берген. XVII ғасырда Түркия «Қызғалдақтар кезеңі» ретінде танымал болған берекелі де бақуатты дәуірді бастан кешірді.

 

* Дүние жүзіндегі ең қымбат жібек кілем Түріктің Кония қаласындағы  Мевлана мұрағатында қойылған. 13 ғасырда  Марко Поло өзінің саяхаттарының бірінде осы жерде болған және «ең үздік және әдемі» кілемнің Түркияда жасалғанын айтады.

* XVII ғасырда бірінші ұшқан адам  түрік Хезарфен Ахмет Челеби болды, ол екі қанаттың көмегімен  Галата мұнарасынан ұшып шығып,бұғазды үстінен ұшып өтеді және  Ускюдарде қонады.

* Тарихтағы ең бірінші әлемге әйгілі банк Храм Артемида  Сард Салихлы/Маниса (қазіргі Түркия) жерінде орналасқан, ал банктік операцияларды храмның абыздары жүргізген.

* Дүние жүзіндегі ең көне танымал  батып кеткен кеменің қалдықтары Кашта табылған, күйреген кеменің қалдықтары Бодрум Денизли  Археологиялық Мұражайында қойылған.

* Әр жыл сайын Түркияда ең аз дегенде 150 археологиялық қазбалар жүргізіледі.

* Амазонкалар Түркияның Солтүстік-Шығыс өңірінен келген.

* Анадолы (Анатолия) – сұлулық конкурсы өткен алғашқы мекен, оған (аңыз бойынша) Афродита, Гера және Афина қатысқан, ал төреші Парис болған.