Түркияның Тарихы мен Мәдениеті

ЕРТЕДЕГІ ҒАС ЫРЛАР

Түркияның тарихы 10000 жыл шамасындағы кезеңді қамтиды. Анадолы жері Хатти, Хеттиелер мен Хурривтердің тоғысу нүктесі болған. Мұнда  шумерлік, вавилондық және ассирийлік мәдениеттер көптеген ғасырлар бойына өз ара әрекетте болған. Осы өзара әрекеттердің нәтижесінде бірегей Анадолы өркениеті қалыптасып, батыс әлемінің аңыздары мен ойына терең әсер еткен. Ертедегі мыс дәуірі алғашқы тәуелсіз қала-мемлекеттің құрылуының  куәгері болған. Орталық және Оңтүстік –шығыс Анадолыны осы кезеңде  Хаттилер мекендеген, олардың ең көлемді құлаған орындары Грециядағы  Микен  патшаның мазары болып табылады, осы кезеңге Токат қаласына таяу жердегі Хорозтепе Қара теңіз өңірінде және Кызылырмак елді мекенінде Аладжа Хоьюкте орналасқан  құлаған орындары жатады

ТРОЯ АҢЫЗЫ

Троя ДӘ 3000 жылы құрылған және мыс өндірісінде пайдаланылатын еңшетемен ауыстырылмайтын қалайымен сауда жасауда маңызды рөл атқарды.

ХЕТТЕРДІҢ  БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ

Хеттелер Анадолыға б.д. дейінгі екінші мыңжылдықта қол жеткізген. Ваавилондық өркениеттің көптеген қомақты бөлігін жасаған және Азияда темірде ертеден қолданған. Хеттелер осы жетістіктерімен бірге  салт атты пәуеске қолданған, бұл оларға Египеттен және басқа месопотам мемлекеттерінен әскери басымдылыққа қол жеткізген.  Біздің дәуірімізге дейінгі 1590 жылы Вавилонды жеңуі Хеттелердің кезеңінің құлдилап  шарықтауының басы  болды. Он төртінші ғасырдың бірінші жартысында Хеттелік өркениет өзінің басымдылығын  тағы да қайта жандандырды. Бұл екінші кезең Жер орта теңізінің жағасынан Иран шығанағына дейінгі кең алқапты алып жатқан хеттелік гегемонияның  куәгері болды.

МИТАННИ КОРОЛЬДІГІ

 Оңтүстік Каспийдің жағаларынан келген  хурритамдар құрған Митанни корольдігі хет телердің жауы болды. Хурриттер хеттелердің діни пайымдауларына маңызды әсер етті және екі дөңгелекті арбаны пайдалануды таратты, Таяу Шығыста аттардың көбеюіне ықпал етті

 УРАРТУС  МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ

Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырдың басында, Урмия көлінен Қап тауының шекараларына дейін созылған  Урарту  бірегей мемлекетінің астанасы қазіргі Ван қаласында орналасты. Урарту  гидравликалық  жұмыстарда, суландыруда, жүктерді сумен тасымалдауда шеберлер болды, сондай-ақ арналар мен жасанды көлдер құрылысында да шеберлікпен ерекшеленді. Олар  тек жылқы шаруашылығын жақсы білуімен ғана әйгілі болмай, сонымен бірге қуатты және атты әскердің иелері ретінде де танылды.

Фригиялықтар және  Мидас патша

Фригиялықтар (б.д.дейінгі 750-300)  Орталық және Батыс Анадолыда орналасқан Афьон-Анкара-Эскишехир үшбұрышын мекендеді, Сакария өзеніндегі Гордионды өздерінің астаналары деп жариялады. Б.д.дейінгі 8 ғасырдағы фригиялық өркениет мифологияға сәйкес, Мидас патшаның уақытында шарықтау шегіне қол жеткізді,  оның құлақтарын есектің құлағындай еткен Аполлон  кемсітіп қорлады, ал  Дионис оны неге жақындаса да алтынға айналатындай күшпен қамтыды. Гордион б.д. дейінге  550жылы  парсы билігіне көшті және б.д.дейінгі 333 жылы оны Ұлы  Александр босатты.

ЛИДИЯЛЫҚТАР  САРДЕС АҚШАСЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Измирден шығысқа Сардыға  қарай  б.д.дейінгі 800 және  650 жылдары лидиялықтар деп аталатын басқа халықтар өмір сүрді, ақшаны тап осылар ойлап тапты деген болжам бар. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда лидиялық патша Креза  мен парсылар Анадолыны  Кызылырмакқа дейін екі бөлікке бөліп алуға келісті. Парсылар бұл келісімді сақтамады және Лидиялықтардың аумағына басып кіруді жалғастыра берді, парсылар Анадолыда б.д.д. 333 жылы Александр Македонской келгенге дейін басымды күшке ие болып қала берді.

АНАДОЛЫ ҚАЙТАДАН БАСҚА ҚОЛҒА – ПЕРҒАУЫНДАРҒА КӨШТІ

Ұлы Александрдің  өлімінен кейін Селевкидтер империясы орталық болды, ал  Пергама, ештеңемен есептеспестен өзінің аумағын кеңйте бастады және б.д. дейінгі 241 жылы Фригия аумағының бөлігін иемденді. Бұл уақытта патшалық таңғажайып байлықты иеленді, Анадолы сауданың бесігі болды және интеллектуальдық орталық құрметке бөленді.

РИМ   КЕЗЕҢІНІҢ  БАСЫ

Анадолының Римдік кезеңі Перагама патшасы,  III Атталустың  өлімінен басталды, оның өзінің мұрагері болмағандықтан да ол Пергаманы римдіктерге қалдырды. Осы өзгерістерге қарай отырып, әсіресе Анадолыда 1 және 2-ғасырда бейбітшілік пен тыныштық патшалық құрды. Рим империясындағы бейбітшілік қаланың дамуына төенше кезең құрды және  Ефес Азияда Рим билеушісінің үйі және коммерциялық және мәдени орталығы болды.

ВИЗАНТИЯЛЫҚ  ИМПЕРИЯ КЕЗЕҢІ, ШЫҒЫС РИМ КЕЗЕҢІ

Шығыс Рим имперяисының кезеңі өңірдің тарихында бетбұрысты кезеңдердің бірі болды.

 330 жылы рим  императоры  Константин  өзінің астанасын Римнен Византияға көшірді. Осы күнге дейін 1000 жыл бұрын гректер құрған Византия  Босфор жағалауында Рим империясының астанасы болған Константинополь болып атын өзгертті. Міне, осы жағдайда әсіресе, хаттиттердің, хеттердің, фригиялықтардың, гректердің және  басқа ұлыстардың  шығыстағы ұрпағы қоныстанған Анадолы әсіресе, Рим империясының орталығы болып ерекшеленді. Византия болып қайта құрылған Шығыс Рим империясында  х.т. 380 жылы   Христиандық мемлекеттік дін болып жарияланды және х.т.  392 жылы пұтқа табынушылыққа тыйым салынды.  Біздің дәуірімізге дейінгі 476 жылы Рим құлады және Константинополь империяның жалғыз астанасы болып қалды. Византиялық-Римдік мемлекет, оның өркениеті және мелекеттілігі грек мәдениеті мен христиан діні шеңберінде қалыптастырылған еді. Император  қсиетті билікті иеленді және шіркеу тарапынан билікке үлкен қолдау көрсетілді. Византия өзінің алғашқы алтын ғасырын Юстиниане кезінде басынан өткізді. Бұл ретте билеуші рим заңнамаасының төрт томдық жинағын жинады, ол көптеген ғасырлар бойы  тиімді болып қала берді. Сонымен бірге Юстиниан бір уақытта ұлы архитектор болды, оның билеген кезінде Әулие  София (х.т.532-7ж.) соборы (базилика) және басқа да ғимараттар тұрғызылды.

Византия тарихы әуелеп аспанға көтерілуімен және құлдырауымен; діни қақтығыстармен; парсылармен, арабтармен; сельджуктармен; түркілермен және Солтүстіктің халықтарымен соғысумен өтті. 1204 году кресшілер жорығына қатысушылар  Константинопольді басып алды, император қаланы тастап қашуға мәжбүр болды және оны тонады, ал содан соң Латын корльдігі деген атпен шағын мемлекет құрды. 13 ғасыр  Византия үшін соңғы  дем болды. Болгария өзінің тәуелсіздігін жариялады, ал жаңа теңіз мемлекеті- Венеция  Эгей теңізінің барлық аралдарын өзінің қарауына алды.  1261 жылы Византия империясы өзіне  астанасын қайтарды, бірақ бұл жолы жаңа қауіп-қатерлер пайда болды.

ТҮРІКТЕР ҚАЛАЙ КЕЛДІ 

11 ғасырда  Тугруланың басталуымен, Түркі-Сельджуктер Ұлы сельджуктердің династиясын құрды және   Иранды, Иракты және Сирияны жаулап алды. 1071 жылы оның жиені Алп Арслан  Ван көлінің ауданында Манзыкртте византиялықтарды жеңді, сөтіп осы жағдайда түріктер Анадолыға есік ашты. Осымен байланысты Анадолыда терең  этникалық, саяси қайта құрулар басталды, сондай-ақ ол дінді, тілді, мәдениетті қозғады. Сельджук  сұлтанаты Анадолыны 14 ғасырдың басына дейін басқарды.  Сельджук  сұлтанаты  өркениетінің ең жоғары шыңы 13 ғасырда өзінің шарықтау шыңына қол жеткізді.   Конья қаласы оның саяси, экономикалық, діни және мәдениет орталығы болды.  Сельджуктер сұлтанның төңірегіне ұйымдастырылған, оның министрлері мен одан әрі жергілікті билікке дейінгі орталықтандырылған басқаруды қабылдады. Мистикалық поэзия сияқты  ғылым мен әдебиет өркендеп, дамыды. Бұдан Анадолының шығысы мен батысын байланыстыратын басқа үлкен бағыттарда көптеген керуен-сарайлар тұрғызылып, біздің бүгінгі күнімізге дейін  қол жеткізді. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен қолөнері дамып, елде мешіттерді, медіреселердің және керуен-сарайлардың кенеттен дамуына алып келді.

СЕЛЬДЖУК  СҰЛТАНАТЫ ҚҰЛАДЫ

 Сельджук сұлтанаты моңғол шапқыншылығынан және ішкі алаауыздықтардың әсерінен құлады. Анадолыда қайтадан дербес княздықтар құрылып, бір-бірінен басып озуға алға ұмтылды, солардың арасында  Осман билігі де болды.  Тілге, дінге және нәсілдік бөлінушілікке  қарамастан Анадолыда бірлік аықйн басшылық пен күшті қуаттылыққа анық жол ашты. Және княздықтарды біріктерген көшбасшының рөлін Осман бей мен оның мұрагерлері ойнайтын болады.

ОСМАН ИМЕРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ ҚАЛАНУДА

1296 жылы Бурсаның жанында, Сагут елді мекенінде, Осман бей ол кезде тек қана өзіне қарасты жерлерде ғана өзін Осман тәуелсіз мемлекетінің сұлтаны етіп жариялады. Биліктің тізгіні ұлы Орханның ның қолында болғанда, Бурса мен Изник жерлері басып алынды, сонымен таяу арада Мармара теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауы барлығы Османдардың билігіне өтті. Орхан бейдің жетістіктері тек қана жаулап алу, тиімді саясатпен ғана шектелмеді. Орхан бей өнердің, әдебиеттің, ғылым мен сауданың дамуын қолдап отырды. Сонымен қатар тұрақты әскер күші құрылды, оларға янышар атауы берілді. Янышарлар әскери тәртіппен тәрбиеленді, ал жалақылары болса қомақты сомамен беріліп отырды. Оларды тәжірибелі жас Осман империясының әскерлері оқытты, өз отанын сүйген янышарлар патриоттық күш құрды. Осындай мықты іргетаста құрылған Осман империясы тез арада күш жинай бастады. Биліктің тізгіні Мұраттың қолында болғанда да, бұл кеңею бұрынғысынша Батысқа қарай ойысты, тек қана Адриатик тенізінің жағалауына жеткеннен кейін  Дунай өзені Фессали шекарасына жақындағанда ғана, Османшылар шығыс Анадолыға көңіл аудара бастады. Осыдан кейін Биязит, Еуропа мен Азияда тәуелсіздік құрғаннан кейін, 1402 жылы Константинопольге аттанады. Стамбулдың жаулап алынуына аз ғана уақыт қалады, бірақ Ақсақ темірдің Анадолыға басып кіргені туралы хабар келеді, Анкараның маңындағы соғыс әрекеті,  Константинопольдің  алынуын бірнеше он жылдарға созып жібереді. Жаулап алушы, Батыр Сұлтан Мехметтің басшылығымен түріктер 1453 жылы Константинопольді  алады, сонымен түріктер дүние жүзі тарихында маңызды орынға ие болды. Бірақ басқа тұрғыдан қарайтын болсақ, Осман империясы өзінің шарықтау шегіне бұл жағдайдан кешірек, 16-ғасырда  түріктер Еуропаға қол жеткізеді. Одан кейінгі ғасырларда Осман имеприясы өзінің серпінділігін жоғалтып, құлдырау шағы басталады да, бұл уақыттан кейін тоқырау уақыты да кез келеді.

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС

Империяға соңғы соққы Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында тап болады, сол кезде Осман империясы жеңіліске ұшыраған Германияның тарапына қолдау көрсеткен еді.  Ағылшындар бірегей саясатын өзгертіп, Франция, Ресей, Италия сияқты елдермен одақ құрады. Соғыстын соңында 1918 жылы, Осман өкіметі одақтастардың әскери күштерінің басқыншылығына ұшырайды, Ресейге  ендігәрі бейбітшілік туралы келісім шартқа қарсылық көрсетілмеуіне байланысты шешім қабылданады, келісімшартта Түркияның бөлінуі көрсетілген еді. 1919 жылы мамыр айында, Анадолының бір бөлігін уәдемен алатын гректер, Измирге келіп түсіп, Батыс Анадолыны басып кірді, дәл сол уақытта Франция Оңтүстік- Шығыс Анадолыны өз қарамағына алмақшы еді, ал Ұлыбритания Стамбул мен Таяу Шығыс өңірінде дәл осындай жоспарын жүзеге асыруға тырысып бақты.

АТАТҮРІКТІҢ  КӨРЕГЕНДІГІ

Түрік  халқы егемендіктерін, жерлерін толығымен  сақтап қалуға, басқыншы жауға тұрарлықтай тойтарыс беруге бар күшін сала тырысты, сонымен бірге өздерінің мемлекеттерін де  құруды ойластырды, бірақ ол үшін Түркияны құлдыраудың  шегіне жеткен Осман империясының құлағандарынан аршып алу керек еді, әлдеқашан билікті тізгінінен шығарып алған ескі үкiметті құлатып, орнына заманауи, саяси, әлеуметтiк бағдардағы және экономикалық дамуға талпынған жаңа мемлекет құруды армандады. Чанаккалені одақтастар  Ұлыбритания, Франция, Австралия мен Жаңа Зеландияның әскери-теңіз күштерінен қорғау үстінде Осман қарулы күштерінен алдыңғы қатарға шыққан, Генерал Ататүрік дәл осыны мақсат тұтты. Галлиполиде одақтастарды жеңген Түркия, империялық жоспарлардың үстінен жаңа бағдар көргендей болды. Ататүрік өткен  дәуірмен толықтай байланысты үзіп, халықты  заманауи талаптарға сай біріктіргісі  келді, ол осылайша Түркияны Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің дәрежесіне жеткізбекші болды. 1923 жылы 29 қазанда Түркия мемлекеті құрылды, оның алғашқы президенті болып Ататүрік сайланды. Зайырлылық қағидатына  мемлекеттік және діни істердің бөлінуі арқылы қол жеткізілді. Арап әліппесінен латын әрпіне ауыстырылды, әйелдер сайлауға және парламент мүшесі болып сайлану құқығына ие болды. Сонымен қатар көптеген әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды, олар Түркияны толығымен заманауи мемлекет болып қалыптасып, өсіп-өркендеуіне алып келді.

АБЫРОЙЫ АСҚАҚ ХАЛЫҚ

Ататүрік 1938 жылы дүниеден өтті және артынан түрік халқы мақтан тұтарлықтай мирас қалдырды. Егемендік үшін соғыстан кейін өз-өзіне деген сенімін арттырған ұлт, саяси, интеллектуалдық, мәдени, әлеуметтік құндылықтардың мирас қоры болып, бұл құндылықтарды қорғауға ниетті қоғам қалыптастырды. Түркия – 80 жылдан астам уақыттан халықаралық қоғамның мүшесі. Бұл процесте көптеген қиыншылықтар кездесті. Дегенімен Түркия, Ататүріктің саясатына, салып кеткен жолын мықтап ұстанды. Мемлекетте көп партиялық, демократиялық жүйе құрылды, жемісті және белсенді азаматтық қоғам қалыптастырылды, индустрияландыру және нарықтық экономика жолына түскен Түркия күн өткен сайын қарқынды дами бастады.Түркия НАТО-ның, Еуропалық кеңестің, Кеден одағының  мүшесі болып қана қоймай, Еуропа - Батыс одағымен де байланысын күшейтті. Бұл бетбұрыстар  Осман империясынан бергі радикалдық өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта да бұрынғыдай модернизациялау қарқынды жүргізілуде. Түркия Исламның және Осман империясының мұрагері, батыс мемлекеттеріне ұқсағанымен өзінің шығыстық өткен шағынан қалған көне іздерін әлі де сақтап қалуда. Шығыс пен Батыс, азиялық пен еуропалық мирас – бұның бәрі қазіргі Түркияның мәдениетінде қоса араласып жатыр. Осындай үйлесімділіктің  белгісі Стамбулдағы Босфор бұғазы, ол өткені мүлде бөлек, ештеңеге ұсамайтын екі құрлықтың арасын қосып тұр.