Табиғаты және Географиясы

Түркияның көлемі  814578 (314,510 м2) шаршы километрге созылып жатыр, бұл  Стамбул мен Чапнаккале  бұғаздарын Мәрмәр теңізі арқылы еуропалық және азиялық континентті байланыстырып жатқан үлкен түбек.  Түркияның еуропалық бөлігін үш бұрыш түріндегі  Фракий  облысы, солтүстігінде Мәммәр теңізі байланыстырып жатыр. Анадолы (азиялық бөлігі) тік төртбұрыш,  ұзындығы 1500 км, ені 550 км-ді құрайды. Түрік түбегі  солтүстікте, батыста және оңтүстікте айнала таулармен қоршалған, сонымен бірге шығысында түбектің таулы алабы бар, оның орташа биіктігі 1050 метрді құрайды. Батыстағы таулар теңіздің шетіне дейін созылған. Солтүстік Анадолының таулы аудандары және Таурус оңтүстік тауы шығысқа қарай садақ түрінде тығыздала түседі. Түркияның ең биік тауы –5165 метр  (16,946 фут) солтүстік-шығыста орналасқан  бұл  Агри (Арарат) тауы. Нұқ пайғамдардың кемесі дәл осы тауға осы жерге тоқтаған деген сенім бар. Түркияда  су электр станциялары мен суарудың аса маңызды көздері болып табылатын сансыз көп өзендер бар. Елдегі орта Анадолының ең ұзын өзендері: Сакария, Кызылырмак және  Ешильырмак- Қара теңізден ағып шығады. Атақты өзендер   Dicle (Тигр) мен Фират (Евфрат) өздерінің бастауларын оңтүстік шығыс Анадолыдан алады және Сирия мен Иракқа дейін ағып барады. Түркияда 300 табиғи және 130 жасанды көлдер орналасқан. Саны жағынан ең бай көл Шығыс Анадолы болып табылады. Онда  Түркиядағы ең ірі болып табылатын  Ван (3.713 шаршы км.) көлі, сондай-ақ Эрчек, Чилдир және Хазар орналасқан. Таурус  тауы ауданында да көлдер көп:  Бейзехир және Эгирдир көлі және суы ащы Бурдур мен Ачиголлер сияқты көлдер. Мәрмәр теңізінің жағасында  Сапанча, Изник, Улубат, Маньяс, Теркос, Кучукчекмече және  Буйукчекмече көлдері орналасқан. Орталық Анадолыда Түркиядағы көлемі жағынан екінші көл – Тузголу орналасқан,  осы көлдің суы ұсақ және өте тұүзды болып келеді. Сондай-ақ Аксехир және  Эбер көлдері  де осы өңірде орналасқан.  Соңғы отыз жылдың ішінде көптеген  бөгеттер салынуының нәтижесінде бірнеше үлкен көлдер пайда болды. Түркия өзінің алуан түрлі географиялық ерекшелігі жағынан  мозаиканы (ою-өрнекті) еске түсіреді:  онда таулар да, сөнген вулкандар да, үстірттер мен жазықтар да, бөлінген тегістіктер де  бір-біріне қосарлас  параллель орналасқан.

Үш жағынан теңізбен қоршалған елде жылы бір қалыпты климат басымдылық алады. Оның үстіне, климат  өңірден өңірге қарай маңызды түрленеді: Қара теңіз өңірінде бір қалыпты климат, Эгей теңізінің оңтүстігі мен жағалауында Жер орта теңіздік  климат;  Анадолы үстіртінде континентальдық және құрғақ  климат айқындалады,  ал сол уақытта Түркияның шығысында қатал таулы климат басымдылық алады. Түркияның климатында бұл алуан түрлілік Еуропадағы және Таяу Шығыстағы флора мен фаунаның ең бай түрлерінің бірінің қалыптасуына себеп болды. Түркия өсу тәртібінің ретіне қарай жеті  географиялық өңірге бөлінген: Шығыс Анадолы, Орталық Анадолы, Қара теңіз, Жер орта теңізі, Эгей өңірі , Мәрмәр теңізі және Оңтүстік-Шығыс Анадолы өңірі. Түркияның осы өңірлерінің өзінде ғана өсімдіктердің  10.000-нан аса түрлері өседі. Қара теңіздің күшті жаңбырлы өңірі қалың орманның өсуіне әсер етеді. Дарданеллалар, Қара теңіз бен Эгей теңізінің арасында көшпелілікті  жасай отырып, бірқалыпты климатта өсетін және Жер орта теңіздік климатта өсетін алуан түрлі өсімдік жабындылары үшін өз үйлері болып табылады. Фракияда Балканнан келетін континентальды климатқа ұшыраған орман массивтері орналасқан. Эгей және Жер орта теңізі жағалауларында,  Дарданеллден Искендерун шығанағында Жер орта теңіздік  типтік өсімдік жабындысы орналасқан; бұл өсімдік жабындысы жазықтықтан батыс құздарға қарай тауға 1000 м дейін созылып жатыр.  Оңтүстік жағалауда жазы өте ыстық және құрғақ, тиісінше бұл өңірде  банан және пальма сияқты субтропикалық өсімдіктердің құрылымы бар. Ал Тавр  тауларында қарағай және балқарағай орманы өседі, ал биік таулы аудандарында арша ағашы көп кездеседі. Орталық және Шығыс Анадолының периметрі бойынша орналасқан таулардың себебінен бұл өңір теңіз климатына ұшырамайды. Бұл өңірде жауын-шашын аз түседі, жазы ыстық және құрғақ, ал қысы қатал. Кейбір өңірлерде өсімдіктер далалыққа жатады; бірақ емен және шамшат ағаштарының орманы кездеседі.  Теңіз өзенінің айналасында тіпті жемістер жоқ десе де болады. Орталық Анадолының климаты Шыцғыс Анадолыға қарағанда  өте қатал болғанымен де Түркияның оңтүстік-шығысындағы жауын-шашынның саны аққайыңның, жаңғақ пен еменнің өсуіне мүмкіндік тудырады. Түркия алуан түрлі көптеген  жабайы жануарлардың  үйі болып табылады, мұнда сүт қоректілердің 114 түрі мекен етеді. Солтүстік өңірдің орманында гризли аюлары мен жабайы ешкілер мекендейді. Жер орта теңізі мен Эгей теңізінің суларында теңіз тасбақасы мен итбалықтар мекендейді, сонымен бірге әлемнің басқа бөліктеріндегі  сияқты жабайы азия есектері, арыстандар мен жолбарыстар жоғалып кету шегінде тұр. Түркияда құстардың 400 түрін кездестіруге болады, олардың кейбірін тек көші-қон кезінде ғана көруге болады, ал кейбірі қысы мен жазы осы жерде мекендейді, сондай-ақ осы жерден Еуропада құрып біткен кейбір жануардың түрін дже кзедестіруге болады, мысалы,қара бүркіттің санаулы саны ғана қалған.

Түркия  Африка, Азия және Еуропа арасында көшіп-қонып жүретін құстар үшін де аса маңызды аялдама болып табылады, кейбір жыртқыш құстар өздерінің жолдарын Босфор мен Артвин бұғаздары арқылы жалғастырмас бұрын осы аудандарға тоқтап кетуге басымдылық береді.  Суда жүзетін құстар мен олардың мекендеу орындарының Халықаралық  бюросының деректері бойынша Түркияның  60  әр түрлі өңірлерінде 800-ге жуық суда жүзетін құстардың түрлері мекендейді.  Маньяс көлінің жағалауы,  около Балакесир маңы ,  200-ден аса суда жүзетін құстардың  түрлері үшін түпкілікті және көшіп-қонатын орын болып табылады. Бұл көл өзінің құстарды зерттеу бойынша орталығымен қоса Еуропадағы ең бай су қоймаларының бірі деп саналады. 200-ден аса түпкілікті және  жыл құстары  Сұлтан Саглыги (Sultan Sazlığı) саз батпағында Кайсериге жақын жерде мекендейді, олардың  20-сы мұнда өздерінің тұқымдарымен шағылысуға келсе де, құрып біткен түрлер деп есептеледі. Сұлтан Саглыгы  қоқиқаз, тырна, көкқұтан және бірқазандар бірімен бірі қатар қона қоректенетін жалғыз орын деп есептеледі. Измирге таяу орналасқан қорғалатын шөл далалар айналадағы көлдерімен, қыраттарымен және саз батпақтарымен және осы жерді мекендейтін құстардың 190 түрлерімен айнымаған табиғат мұражайы деуге тұрарлықтай. Бұл облыстағы қыраттар қояндар, түлкі және жабайы қабандар үшін де баспана болып табылады. Дальян Изтузудың артындағы жағажай теңіз тасбақаларының  көбейетін негізгі орны болып табылады.