Түрік тағамдары

Тамақтану кейпі мәдениет, география , экология , экономика және тарихи  шарттарда қалыптасады. Түрік тағамдары дегеніміз, Түркияда тұратын халықтардың тағамдары мен сұсындары, олардың әзірленуі, дастарханға тартылуы, дайындау әдістері мен тағам дайындау кезінде қолданылатын құралдар ,ас қабылдау мәдениеті, тіпті діни көзқарастарыда- көрсетілген процесстердің бәрі осы мағынаның айналасында шоғырланады. Түрік тағамдарының байлығы әр тірлі себептермен байланысты.Қысқаша айта кететін болсақ : Орта Азия және Анатолия жерлерінде көптеген мәдениеттер болған,олар ұзақ тарихи процесстерде өзара қарым қатынас жасап отырған (жаулаушылықтар, сауда т.б),   Сельджук, Осман империяларынын асханаларында – жаңа дәмдер жетілдіріп жатты, осы себептер біздің ас қабылдау мәдениетімізге жаңа кейіп берді. Негізгі Түрік тағамдары олар :

Дәнді дақылдар, түрлі көк-өністер және кейбір етпен дайындалатын сұйық тағамдар, сорпалар, зәйтүн майы қосылған тағамдар , жабайы шөптер қосып жасталатын тағамдар , түрік тағамдары денсаулықа пайдалы көптеген азық-түлік түрлерін,және ас даярлау тәсілдерін дүниеге паш етті , мысалы:  меласылар, йогурт, бидайдың түрлері т.б. Тамақтану мәдениеті аумақтан-аумаққа ауысып отырады және әр аумақтың  өзіне тән ерекше дәмі бар, мерекелерді немесе ерекше күндерді атап өтуде тағам мерекеге басқа мағына,кейбір кезде қасиетте қосып отыратындай.Түрік тағамдары әртүрлі дәмдік қасиеттерімен, қызықты әзірлеу тәсілімен, қоладанатын  қоспаларымен денсаулыққа пайдалы  тағамдардың,үйлестірілген тағамдардың тіпті вегетерияндық тағамдардың мысалы бола алады.