Алания

Аланияда кең алқапты алып жатқан жаңғажайлар, тарихи көрнекті орындар, заманауи қонақ үйлер мен қонақ күтетін орындар, сансыз көп балықтан тағам әзірлейтін мейрамханалар, кафелер мен дәмханалар -  осының барлығы да демалысқа арналған тамаша орталықтар.

Алания түбегінің тәжі ретінде жаңа келген демалушыларды 13 ғасырдың қамалы  Селчуклу  құрылысы қарсы алады.  Қамалды көрген сәтте қайталанбас құрылымы мен монументальдық сегіз қырлы әсем мұнарасы – Қызыл күле керемет әсер қалдырады.

 

Айлақтың бойында кафелер мен барлар орналасқан, кешкі уақытта айлаққа барар жол бойында дүңгіршектер ашылып,  онда алуан түрлі қолдан жасалған бұйымдар, тері бұйымдары, киімдер, әшекейлер, сөмкелер, неше түрлі көз тартарлық бояуларға боялған дәстүрлі сыйлық-тартулар (асқабақтан жасалған) сатылады. Егер сізге үңгірлерді зерттеу ұнаса, онда Дамлаташ үңгіріне келіңіз. Үңгірдің жанында этнографиялық мұражай орналасқан. Қайыққа отырып алып, бірден үш теңіз үңгірлерін –Фосфор кесектері үңгірі, пираттар тұтқынға түскен әйелдерді ұстаған Қыздар  үңгірі мен ғашықтар үңгіріне саяхат шегуіңізге болады.

 

Аланиядан шығысқа қарай 15  км жерде, көлеңкелі демалысқа арналған ғажайып орын бар, бұл орын –  Далина Дим чаги.

Аланияның барлық жағалауларында суға түсуге болады, жағалаулардың барлығы күннің, теңіз бен құмның жұмағына айналған.

 


Тарих жазбалары

Алания Киликия аумағы, ал кейде  Памфилияның аумағы деп те есептелді. Кейінірек Хетталар, Гректер, Римдіктердің алуан түрлі кездегі жаулап алуларынан кейінгі шапқыншылықтан және жаугершіліктен бұзылған Алания қайтадан салынған еді. Византиялық билеуден кейін  бұл жер Колонорос деп аталды, бұл Сұлу  таулар дегенді білдіреді.13 ғасырда  бірінші Сельчук пайда болғанда,  Аллахаддиннің Кейкубат қаласы  Алайе деген атау алды. 13 ғасырдың ортасында Карамановтың иелігіне көшті, 1471 ж. Осман  империясының аумағыны кірді.


Климаты

 Аланияда Жер орта теңіздік климат басым. Қысының өзі кһбінесе жауынды және сызды болып келсе, жазы құрғақ ыстық болып келеді. Ауаның орташа жылдық температурасы 19 ° C-ты құрайды. Теңіз суының температурасы – 21 ° C.