Измир туралы атақты тарихшы Геродот былай деген: «Ұлы көк күмбезінің астында және әлемнің ең тамаша климатында жасалған», Түркия қалаларының ішінде көлемі бойынша үшінші және екінші теңіз порты болып саналады.
Бір батыс саяхатшысының сөзі бойынша бұғазға әлемнің барлық кемелері «сыйып кетуі мүмкін», Түркияның сауда жасайтын есіктері Батысқа ашылған. Өзінің қолайлы орналасқан орнына, ығайлы климатына, топырағының құнарлылығына және кең алқапқа жазылып орналасуына қарай Измир жері тарихтың барлық кезеңінде де аса маңызды сауда, мәдениет және өнер орталығы болды. Осы аса қолайлы шарттардың себебінен ол көптеген ойшылдарға, ғалымдар мен өнер өкілдеріне екінші үй болды. Міне, солардың бірі – Илиада мен Одиссеяның авторы Гомер, Библияны жеткізуші 4-тің бірі киелі Иоанн, философ Анаксагор мен Гераклит, Гален уақытының басталуындағы дәрігер. Мұнда болған мәдениеттердің іздері көз алдымызға Измирдің мыңжылдық тарихын жайып салады. Әлемнің Жеті кереметтерінің бірі – Артемис храмы, Әулие Марияға арналған алғашқы шіркеу, ең үлкен ескерткіштердің бірі Әулие Буджу – Мевлан ескерткіші, Библияда айтылған жеті шіркеудің үшеуі осы Измир жерінде орналасқан. Үңгірлі жағалаулар көптеген санауға сан жетпес көркем қолтықтар мен жағажайлардың пайда болуына мүмкіндік жасаған. Гумлюдур,Оздере,Фоча,Карабуран, Чешме жағажайларының Измир үшін үлкен туристік мәні бар. Бұл шығанақтарда балықшылардың балық аулайтын жерлері мен желкенді қайықтарға арналған кеме тоқтайтын айлақтар көп. Жазғы теңіз тамшылары Измирдің көшелеріне теңіздің саф таза иісін сездіреді. Измир өзінің көпжылдық тарихымен және таңғажайып табиғатымен, сауда және мәдени белсенділігімен Эгей теңізіндегі басқа туристік орталықтарға жақын орналасқан аса маңызды туристік қала болып табылады.