Кападокия

Кападкия дүние жүзінде тарих пен табиғаттың ең әдемі үйлескен өңірі. Географиялық рәсімдер құз жартасты орындарда таңғажайып мүсіндер тудырғанда, тарихта адамдар осы жартастарға үйлер мен шіркеулер салып, оларды біздің дәуірімізге дейінгі өркениеттің іздері болып келген фрескалармен безендірді.  Рим императоры Аугустустың уақытында антикалық уақыттың жазушысы Стробан өзінің 17 томдық «Географика» (Анатолия XII,XIII,XIV)  еңбегінде Таурус Тауының оңтүстігіндегі  Кападокий аумағын, батысында Ақсарайды, шығысында  Малатияны және солтүстігінде Шығыс жағалаудан  Қара теңізге дейінгі созылып жатқан үлкен аумақты белгіледі.

Кападкияның қазіргі аумағы Невшехир, Аксарай, Нигде, Кайсери и Кыршехир провинцияларын қамтиды. Кападкияның тағы бір жартасты провинциясы айналасы мен Учисар, Ургуп, Аванос, Гереме, Деренкую,Каймакли қашап жазылған үңгірлерден тұрады. Кападкия өңірінің бірегейлігін үйлері мен тастан қашап салынған онша үлкен емес мұнаралары айрықша атап көрсетеді. Бұл үйлер 19 ғасырда жартастыр тастардан немесе сүйір үшкір тастардан салынған. Осы аумақта тас – бірден-бір архитектуралық материал, вулкандардан пайда болған, ол пештен шыққаннан кейін өңдеуге жұмсақ және қолайлы болады, бірақ ауамен қосылғанда қатаяды және өте берік құрылыс материалы болып табылады. Пайдаланылатын материалдың көптігіне және оңай өңделетініне байланысты осы өңірде тастан жасалған қолөнері архитектура дәстүріне дейін кееңінен дамыған.

 

 

 Үйлердің есігінің алды мен есіктері ағаштан жасалған. Есіктерінде арка жасалған, оның жоғары бөлігі балясинамен және басқа да архитектуралық бөлшектермен орындалған. Мұнаралардың аса үлкен емес құрылыстары өңірде  18 және 19 ғасырдың аяғында тұрғызылған.Бұл Ислам сурет өнерінде көріністер үшін аса маңызды  мұнаралардың бөлігі бір кездерде  монастырьлар мен шіркеулер үшін салынған. Мұналардың жоғары бөліктерін жергілікті қолөнер шеберлері бай  орнаменттермен және суреттермен безендірген.

 

ТАРИХТАҒЫ  ЖАЗУЛАР

Хатталар мен хеттелер, фригиялықтар, парсылар, римдіктер, византиялықтар, сельджуктер мен османдар Кападокияның тартымдылығының алдында аса таңқалған және өздерін ұстай алмаған және тіпті шығысты, батысты, солтүстік пен оңтүстікті біріктірген атақты Жібек жолы да осы өңірде өзінің болғандығының ізін қалдырған. Қарқынды қозғалыстың нәтижесінде (жаулап алу мен саудалық айырбастау және т.б.) өңір көптеген тарихи және мәдени әсер етулерге ұшыраған. Кападокия әр түрлі діндердің және  философияның кездесуі нәтижесінде бір-біріне әсері болып, тиісінше өзгеріске ұшыраған өңір. Фрескамен безендірілген шіркеулер және жартастардағы жарқыраған үйлер өзінің бастауын Ақсарайдан 40 км жерде орналасқан Үңгірлер алқабынан алады және сонау Селим қаласына дейін созылып жатыр. Осы құрылыстардың кейбірі төртінші ғасырға жатады. Олардың ішінде Егриташ,Агач, Алты, Кокар, Йыланлы, Пюренли, Кыркдаматлы, Ала, Дирекли  орындары көруге тұрарлық-ақ, ал тізімнің басын Селимнің монастырь қорғанындағы Шіркеу және Кафедральдық собор бастайды.  Өзінің орналалсқан жері бойынша Кападокия өте маңызды  стратегиялық өңір болып табылады. Кападокияның  саудасы мен ресурстарының тәбеттілігі соншалықты өскен уақыттарда ол көптеген жаулап алуды, басып кірудің, ұрлықтың себебі болды. Осындай басқыншылықтардан қорғану үшін жергілікті тұрғындар үңгірлер мен жасанды үңгірлерде – гроттарда тұрып, кіретін есігін жауып алды, сонда басқыншылар оларды байқамай өтіп кететін. Мұның өзі жер астында ұзақ тұруға мәжбүрлегендіктен тұтастай жер асты қалалары пайда болды, осы үйлердің арасында үңгірлерді су резервуар, азық-түлік қоймалары, шарап шығаратын орындар және табынатын орындар болды.Тіпті олардың кейбірі христиандық кезеңге дейінгі уақытқа жатады.

 

КӨРНЕКТІ ОРЫНДАР

Учхисар

Учхисар Невшехирға таяу  жеті километр жерде орналасқан,  Учхисар округінің таңғажайып көрінісі өзіне еріксіз тартатын күшке ие.  Учхисар қамалының мұнарасынан бүкіл өңірдің қайталанбас табиғаты тұтастай ашылып тұрады.


Гёреме

Невшехирға таяу  он километр жерде орналасқан Гёреме және оның маңайы  Рим империясы кезінде  Аваноса ахалис тарапынан болжамды түрде зират ретінде  пайдаланылған.  Гёреме  жері әдетте «діни орталық» ретінде еске алынады. Гёреме – ашық аспан астындағы мұражай, Невшехирға таяу  жеті километр жерде орналасқан білім беру жүйесінің негізін қалаған киелі Василий мен оның ағаларының отаны, кейіннен өз ойларын христиандыққа ұштастырған. Токаллар, киелі Василий, Елмалы, Иланлы, Каранлык және Чарыклы шіркеулеріндегі архитектура  мен фрескілер, сондай-ақ монастырьлардағы  монахтар мен  монашкалар өздрінің алғашқы тұрмыстық түрі мен жалтырын жоғалтпаған. 

 

 

Ургуп

Ургуп Гёреме таяу жерде орналасқан және өзінің шараптарымен, көрнекі тарихи және табиғи әдемілігімен атағы шыққан. Егер сізге шарапты хрусталь бокалмен әкелсе немесе тіпті жай саз балшықты құмармен әкелсе де, ақыр соңында, сіз ұмытылмайтын тәжірибені бастан өткізесіз. Кейбір жергілікті шарап өндірушілердің қазіргі шарап жасау әдісін сол кезден-ақ бастағанына қарамастан,қазірдің өзінде жергілікті шарап өндірушілер шарапты  сол ескі әдіспен ғана жасап, ескі әдісті пайдаланып уақытпен санаспайтындар әлі де бар.

 

Мустафапаша

Угруптан оңтүстікке қарай алты километр жерде орналасқан  Мустафапаша жері тастан бірегей жұмыстар жасау бойынша атағы шыққан. Киелі  Василийдің күзетшісінің безендірілген мотивтері иконға қарсы күрес ойы жүйесін  береді. Невшехирға таяу  18 километр жерде орналасқан   провинциясында біздің күндерімізге дейінгі уақытқа дейін Хеттов саз балшықты  дәстүрі   болды.