Чешме – таңғажайып сапалы құм,күн мен тап-таза су ыстық емдеу көздерімен астасып демалуға арналған тамаша орын. Чешме Измирдің батысынан 94 км жерде, осы аттас түбектің ең қиыр шетінде орналасқан.
Теңізшілер оны шағын порт деп атайды. Бұл жер уақыт өткен сайын көбейіп келе жатқан мұздай сулы қайнарлардың көптігінен Чешме – Бұлақ деп аталған. Чешме қаласының солтүстігінен шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан Ионн қаласы Калембурндағы Еритрай порты осыдан 1000 жыл бұрын елді мекен болғаны айқындалған. Эритра Чешме көне қаласының Ыдырай-Чешме ауылының орнында болғаны анықталған, мұнда Осман кезеңінің қамалдары, керуен-сарайлар табылған, көптеген жақсартылған бұлақтар, азаматтық архитектура құрылысының үлгілері – міне, осының барлығы да осы жер бойынша археологиялық және тарихи жұмыстардың негізгі көздері болып табылады. Қаланың ортасындағы қыраттардағы жер астындағы қазбалардан Акрополь қазындылары Паллас Афина храмының аздаған пұтқа табынушылары табылған. Табылған олжалардың ішіндегі ең маңыздысы – Архаикалық (ең көне) кезеңге жататын әйел мүсіні, ол Измирдегі археологиялық мұражайға қойылған. Жыл сайын Шілде айында мұнда әндер фестивалі өтеді.
Тарихи жазбалар: Бірінші дәуірде Чешме Кассус атауын алған, шамамен б.дәуірімізге дейінгі 1000 жыл ішінде Ионнаның 12 қалаларының бірі, Анатолияның ( Анадолу) батыс жағалауындағы Эритра Ыдыра кеме тоқтайтын айлағы біздің дәуірімізге дейінгі жүзжылдықтың 6 елді мекенінің аса маңызды және кең жазықты орталығы болған. Эритра қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіндегі порты бола отырып, Египетпен,Кипрмен және батыс елдерімен байланыс орнатып, сауданы дамытқан. Лидия мен Парсы өзінің егемендігін алғаннан кейін Римдер мен Византиялықтардың билеуінде болған. Чешме Сельджук,Османлы, Айдыногуллары және қайтадан Осман империясы дәуірін ретімен басынан өткізіп отырған.
Климаты: Жер орта теңіздік. Өте ыстық, солтүстігінен жел соғып тұрады.