Стамбул

АЗДАҒАН АЛҒЫСӨЗ.

Стамбул – үш ұлы империяның астанасы,  өткен мен бүгінгінің арасындағы таңқаларлық күшті көпір.  Стамбулдың қолмен безендірілген сарайлары, мешіттері, шіркеулері, көптеген мұражайлары мен ескерткіштері сонымен бірге табиғат қайталанбас әдемілікті жомарттықпен сыйлаған. Қаланы Көк мешіт, Киелі София  Соборы,  Топкапы сарайы, Еребатан сарайы,  Румели мен  Анатолия қамалдары және басқа да көптеген Алтын Мүйіз ((Халич)  – Мәрмәр теңіз арасында орналасқан түбекке жинақталған тарихи құрылыстар қаланың көркін аспандата түседі.  Стамбул аудандарының тарихи құндылығы жоғары болғандықтан, ЮНЕСКО оны адамзаттың ортақ мұрасы ретінде анықтады және Әлемдік Мұра тізіміне енгізді. Сонымен бірге Стамбулдың  2010 жылғы Еуропаның Мәдени астаналарының бірі болып табылатынын ерекше атап айтқымыз келеді.

 

ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Стамбулда  мыңдаған жылдардың бірегей мәдениетінің іздері бар, дүние жүзінің ең ескі қалаларының бірі деп саналады. Римнің, Византияның және Осман империясының астанасы болған Стамбулдың  негізін шамамен Х.Т. дейінгі 7 ғасырда,  Афина қалың тайпасынан шыққан гректердің басшысы Бизас құрған. Өзінің географиялық ерекшелігінде ол негізі құрылғаннан бастап Жер орта теңізі мен Қара теңіз арасын байланыстырған аса маңызды сауда орталығы болған. Х.Т. дейінгі 4 ғасырда император  Константиннің астананы Римнен Стамбулға көшіруіне байланысты қаланың маңыздылығы арта түседі.  Бірақ Рим  империясы екіге бөлінгенде, Стамбул шығыс жерлерінің астанасы болып, қала Юстинея басқаруы кезеңінде сауданың аса қызған орталығы бола бастайды. Төртінші Крести жорығы кезеңінде қаланы қиратады және өртеп жібереді, 1204-1261 жылдары қала  Латын  империясының астанасы болады. 1071 жылдан бастап византиялықтар билікті қайтарып алғанымен, Түрік бейлерінің күн санап күшейе түсуі шығыс шекарада шиеленісті күшейте түседі.1453 жылы  Осман  Сұлтаны  2- Мехмет Стамбулды жаулап алады, қала 1922 жалға дейін  Осман  империясының астанасы болады. 1923 жылы қазіргі заманғы Түркия құрылып, астанасы Анкара деп жарияланады, бірақ одан Стамбулдың жүздеген жылдар бойына жинақталған тарихи, мәдени және саудалық маңызы ешқандай да кемімейді.

 

КӨРІКТІ ОРЫНДАРЫ
Босфор

Азия мен Еуропаны Ғажайып Босфор жағалаулары бойынша байланыстырған ғимараттар Стамбулдың тарихының тереңде жатқанын көрнекілеп көрсетеді. Келушілерге ағаш виллалар, эстетикалық мешіттер, таңғажайып сарайлар қайталанбас әсерлер қалдырады. Тарихи құрылыстармен бірге мұнда көркем де келісті мейрамханалар мен түнгі клубтар орналасқан.  Багазичи  елді нүктесінің барлық жағынан да теңізге шығар жол бар.  Босфорды көрудің ең жақсы тәсілі – жағалау суларына иректеп сурет салушы жолаушылар кемесінің біріне отыру.  Эминонудан басталған экскурсия Азия мен Еуропаның жағалаулары бойынша кезекті аялдамалармен аяқталады. Экскурсия шамамен 6 сағатқа дейін созылады. Осы экскурсияның ең маңызды аялдамалары мыналар:  Ортакой мен Бейелрбей арасында Босфор көпірі, Барокко стиліндегі  Бейелрбей сарайы,  Босфордың әдемі ауданы Бебек, Форт Румели және 1452 жылы Сұлтан Фатих Мехмет тұрғызған Долмабахче Сарайы.


Халич

Халич дүние жүзіндегі ұзын және жіңішке түріндегі (осыдан келіп Алтын мүйіз атауы шыққан) ең ірі табиғи порт, Византия және Осман империясы уақытында аса маңызды әскери-теңіз және сауда кеме қатынасының орталығы болған. Бұл жердің теңіз арқылы жүк тасымалындағы белсенді рөлі бүгінгі күні де айқын анықталуда. Қоршаған ортаға қоймалар мен кеме құрылысының жағымсыз әсеріне қарамастан, осы  жердің жағалауларында судың түсі күн батып бара жатқанда алтын түске боялып, жаяу жүргіншілердің жолдары және әдемі саябақтар оны қоршап тұрады. Балықшылар жағалауда қайықтарда балық пен нан сатып отырады. Осы жерлердің ландшафтылық жобасын одан әрі жетілдіру үшін жұмыстар жоғары қарқынмен жүргізіледі. Халичаның ең орталығында, Фенер және Балат аудандарында Византия және Осман империясы уақытындағы ағаш үйлер бар, мұнда көшелер шіркеулерге, синагогтарға толы. Патриархат Фенера да осы жерде орналасқан  (Константинополь патриархаты). Ейюп тарихи орны Осман ою-өрнек жасаушыларының қолында қалған.Пиерра Лоти кафесі ойлы-қыролы табиғаттың көркем жерінде орналасқан, оны көріп табиғаттың таңғажайыптығына рақаттанасың.


Бейоглу және Такисим
Бейоглуда тұратындардың көпшілігі мұсылмандар емес, олардың 100 жыл бұрынғы еуропалық архитектурасы өзінің құрылыс дәуірінің барлық ерекшеліктерін сақтап қалған, сондықтан ол  да көруге тұрарлық.  Еуропадағы ең ескі екінші метрополитен Туннель өзінің ең қысқа метро деген атын осы күнге дейін сақтап келеді. Бұл метромен Галаты ауданына өтуге болады. Туннельдің жоғары бұрышы Истиклаль көшесінің басы.Бұл көшенің ескі атауы – Гранд Руе де Пера, онда трамвай  рейстері жаңартылып, көше тек жаяу жүргіншілер үшін ғана ашылған, Республика уақытында елшілікке берілген ескі ғимараттармен қоршалған. Көшенің екі жағынан да дәстүрлі және көпшілікке кеңінен тараған кондитерлік орындар бар, қатарластыра мейрамханалар мен дүкендер салынған. Солармен бірге  Чичек пассажындағы балық базары да өзінің кең танымалдығын сақтап қалған. Көшені  кинотеатрлар, театрлар, кафе және ойын-сауыққа арналған орындар жандандырған, ал тыныш және көзден жасырын жерлерде тағзым етуге арналған орындарда  мұсылман қауымына арналмаған (шіркеулер, синагогтар) орналасқан.         Туннельдің жоғары бөлігінде және Истиклаль көшесінің басында әдемі ғимарат – Диван Едебият (Әдебиет) Мұражайы тұр. Бастапқыда бұл орын Мевлеви софистік орденінің ізбасарларына тиісті болған, әр айдың бірінші жексенбісінде бұл жерде ғибадат жасау рәсімі өтеді (ғибадатшылар әдеттен тыс биде айналады).


Сұлтанахмет

Қаланың осы ауданы Сұлтанахмет мешітін салған бірінші сұлтан Ахметтің атымен аталады. Мешіттің қарама-қарсысында ерте  Византия кезеңінің таңғажайып мұрасы – архитектуралық ескерткіш Аясофия (киелі София Соборы) көкпен таласып тұр.  Сұлтанахмет мешітінің жанында тік төрт бұрышты алаңда Римдіктердің кезеңіне жататын ат жарысына арналған ипподром орналасқан.Тарихи алаңның айналасында Сұлтанахмет мешітіне, басқа да барлығына қосымша атақты Хаасеки Хюррем моншасы, Еребатан Сарайы, Түрік және ислам шығармаларының мұражайы, Мозаика мұражайы, Дикильташ  мұражайы және т.б. бар.

Ортакой
Стамбулдың тарихи алаңдарының бірі – Ортакой Боспордың төменгі бөлігінде орналасқан. Ертедегі ескі уақытта Пристани Алаңын балықшылар бір күнгі аулаған балықтарын түсіруге арналған орын ретінде пайдаланған, ал қазір бұл жерде  толып жүрген адамдардың тобыры.  Бүгінде мұнда үшбұрышты мешіттер, шіркеулер, синагог пен  Чыраган Сарайы,  Кабаташ ерлер лицейі, Ферие, Принцесс қонақ үйі, Ортакой – Стамбулдың аса маңызды сауда және ойын-сауық орталықтарының бірі.


Сарыер.

Тарабай бұрылысынан кейін Қара теңіздің Босформен түйісетін орнында  Сарыери ауданының құқрсағына дейін көптеген елшіліктердің, ескі саяжайлардың және балықтар ас дайындайтын мейрамханалардың қатары сап түзеген. Буюкдерайдан шыған жіңішке көшеде орманның шетінде өтетін дамбы (бөгет) Қара теңіз жағалауына, атақты Килёс  жағажайына шығады. Сарыер және одан кейін Румели Каваги, Босфордың еуропалық жағасындағы жолаушылар кемесінде   экскурсия жасаған жолаушылар үшін соңғы тоқтайтын айлағы.

 

Ускудар
Кадыкоймен бірдей Анатолияның аса маңызды жағалауларының бірі; Еуропа  жағынан өтуге арналған айлақ. Алдаңда түрік өнерінің таңғажайып үлгілерін – 16 ғасырдың мешіттерін, орталықтағы  монументальды субұрқақты, шағын ғана мешітті  және жағадағы Шемси Паша медіресесін көруге болады.  Ускудареда тарихи  Караджахметтің жерленген орны және одан әрі қарай аздаған жерден кейін  Чамлыджаның шағын және үлкен қыраттары көрініп тұрады. Қыраттар қарағайларға оралған, мұнда құстың ұшатындай биіктігінен Босфор мен Түбектің пейжаздары анық көрінеді. ауданы  Қыз кюлесі мұнарасымен тұтастай бірігіп кеткен.  Қыз кюлесі мұнарасы  Ускюдараның қарама-қарсысында аралдан жоғары биікке көтеріліп тұр, мұнара 18 ғасырда Византия кезеңіне жататын осы мұнараның орнына салынған.

 

Кадыкой

Анатолияның басқа маңызды аумақтарының бірі әдемі Кадыкойда тарихи ғимараттар жоқтың қасы.  Кейіннен Кахлкедон антикалық елді мекенінде бірнеше монастырьлер тұрғызылған. Мұнда б.д.дейінгі 5 ғасырда Христиан әлемінің аса маңызды жиналыстары өткізіліп тұрған. Тарихи орындар мен ескі бағы бар ерекше үйлердің аз ғана саны біздің дәуірімізге дейін сақталған. Кадыкойдың жағалаулары бойынша желкенді  қайық яхталары, клубтар, айлақтар, кең көшелер созыла орналасқан. Фенербахче – серуендеуге арналған тамаша орын. Бағдаттың атақты көшесі  шопингтің жақсы мүмкіндігі. Ускюдараға шығатын жолда  құрылысы 1908 жылы аяқталған Пруссия архитектурасы стилінде салынған ТЖ бекеті  Хадарапаши орналасқан. ТЖ бекеті Бағдадтың темір жол жолдарының соңғы (немесе алғашқы) аялдамасы ретінде  тарихтан өзінің орнын  тапқан.

 

Шиле.

Ускюдарадан 50 км жерде қашықтықта Қара теңіз жағалауында әдемі де әсем  туристік қала орналасқан. Шиленің кең алқапты және танымал атақты жағажайларына орман арқылы өтетін кедір-бұдырлы жолмен жартылай аяқталған автожолда жетуге болады.  Оның көрікті орындары Балықшының лашығы, Дженевиз мұнарасының құлағандары және Атақты шамшырақты – көруге тұрарлық.

Адалар
Стамбулдан қысқа кеме серуенінің қашықтығында орналасқан. Кемелер Мәрмәр теңізінің, Кынал ада, Бургаз адасы, Хейбели ада және Буюк ада – 4 үлкен аралдарында аялдама жасайды. Өзінің жолын Халиджадан  (Алтын мүйіз) және Кабаташа айлақтарынан бастаған кемелер немесе теңіз автобустары  осы аралдарға тұрақты рейстер жасайды. Аралдарда мамыр айынын бастап Қыркүйек айына дейін адамдардың тобыры өте көп болады, ал басқа уақыттарда мұнда тыныштық орнайды. Қалаға қарай көптеп өскен айлақтарға жақын орналасқан  елді мекеннің айналасында қарағай жапқан ойлы-қырлы қыраттардағы аралдардың жолдары бойынша жүретін бірден-бір көліктің түрі – фаэтондар болып табылады. Маусымның барлық кезеңінің ішінде жайғажай мен кеме тоқтайтын жерлерде, көбінесе демалыс кезінде жеке желкенді кемелер, желкенді қайықтар аялдама жасауға арналған тартымды орын. Қыраттарға таяу жерде Дениз лицейі орналасса, басқа қыратта, қалың қарағай ішінде Грек семинариясының үлкен ғимараттары бірден көзге түседі. Аралдардың жиынтығының ортасында ең атақты аралдың бірі –  Буюк ада (Үлкен арал). Ол аралды барлық жағынан фаэтон турында екі сағат ішінде  аралап шығуға болады. Бірақ бір сағтқа тур алу өте тартымды болады. 

 

НЕНІ ІСТЕК КЕРЕК (туристарге арналған кеңес)

Мәдени тұрақтар  – Мұражайлар

Археологиялық мұражай

Топтамалары 19 ғасырда жинала бастағанымен, аз ғана уақыттың ішінде Осман империясының төрт тарапының барлық жиналған шығармаларымен тез байыды. Әсіресе, дәстүрлі дәуірдің  маңызды топтамасы ұсынылады. 
Мекенжайы:  Осман Хамди Бей Иокушу Гюлхане - Стамбул
Телефоны: (+90 212) 520 77 40 
Факсі: (+90 212) 527 43 00

Киелі Ирена шіркеуі (St. Irene) 

Стамбулда салынған алғашқы шіркеу. 4 жүзжылдықта Константиннің бұйрығы бойынша тұрғызылды, Юстинея уақытында қайт а қалпына келтірілген. Ғимарат ескі орнынан Христиандық  ғибадатхананың орнына дейін салынған.  
Мекенжайы: Топкапы Сарай Авлусу, Сұлтанахмет – Стамбул
Телефоны: (+90212) 528 4500
Факсі: (+90212) 512 5474

Аясофия мешіті мұражайы

Аясофия мешіті –  өзінің архитектурасымен, таңғажайыптығымен, мөлшерімен және функциональдығымен бірінші және соңғы бірегей архитектуралық нақтылы іске асырылған туынды. Бұл идея Осман мешіттерінің рухтандырушы негізгі өзегі болып қызмет істеді. Ғимарат шығыс пен батыстың қосындысы ретінде көрінеді.Бұл  архитектуралық шығарма біздің дәуірімізге дейін жеткен дүние жүзілік архитектуралық тарихи ескерткіштердің ішінде ең маңызды орын алды. Осыған байланысты, Аясофия мешіті өзінің өткен тарихымен, архитектурасымен және  мозаикасымен және Түрік кезеңінің ғимараттарымен жүздеген жылдар бойына барлық адамзаттың назарын өзіне аударып келеді.

 Мекенжайы: Сұлтанахмет алаңы - Стамбул
Телефоны: (+90 212) 528 45 00 
 Факсі: (+90 212) 512 54 74

Мозаика мұражайының үлкен сарайы


Мозаика мұражайы, Византия императоры сарайының мұрасы және мұнда 5 және

 6-жүзжылдықтағы сирек кездесетін мозайкалық төсемдер сақталады.
Мекенжайы:  Сұлтанахмет сауда орталығы - Стамбул
Телефоны: (+90 212) 511 97 00

Садберк Ханым мұражайы
Босфордан жоғары  Буюкдеренің қала сыртында орналасқан 19 жүзжылдықтың екі ағаш виллалары  Садберк Ханым мұражайының топтамаларымен толтырылған, ең басында осы жеке мұражайда Түрік қолөнерінің үлгілері қойылған, кейіннен жаңа археологиялық  топтамалар қосылғаннан кейін бұрынғыдан да көбейді.

Бейсенбіден басқа күндері ашық
Мекенжайы: Буюкдере Пиаса көшесі No: 27, Сарыер-Стамбул
Телефоны: (+90 212) 242 0365
Факсі: (+90 212) 512 5474

 Еребатан су қоймасы 

Аясофияға жақын жерде орналасқан  су қоймасын әлі де Византиялық деп атайды. Үлкен салонның (холлдың) жіңішке кірпіштерден салынған белбеуін Коринф стилінде 136  бағана ұстап тұрады. Келушілер үшін сейсенбіден басқа күндері есігі әрдайым ашық.
Мекенжайы: Еребатан көшесі, No: 13, Сұлтанахмет-Стамбул
Телефоны: (+90 212) 522 1259

Мәдениет  пен Сенімнің  тұрақтары  – Мешіттер, Шіркеулер және  Синагогтар

Стамбулда жоғарыда аталғандардан басқа, көптеген мешіттер, шіркеулер мен синагогтар бар

 

Міне солардың бірнешеуі: 

Хырка шериф мешіті

Атик Әли ауданында орналасқан мешітті  1850 жылы Әбілмажит Сұлтан салған. Михрабтың  (Меккеге қорғаныс мешітінің оңтүстік-батыс  жағы) алдыңғы күмбезі бөлігінде Мұхаммед пайғамбардың (Аллахтың оған рахметі мен салауаты болсын) Вейсель Караниге берген шапаны сақталған. Кесілген тастан салынған сегіз бұрышты ғимарат терезелері бар күмбездермен жабылған. Михраб пен  Минбар әл Сомаки мәрмәрінен жасалған.


Ортакой  мешіті
Ортакой кемежайының жанында орналасқан. 1853 жылы Әбілмажит Сұлтанның бұйрығы бойынша  архитектор Карабет Балян салған.1960-1972 жылдары қайта жөнделіп, қалпына келтірілген. Бір күмбезі және екі жіңішке мұнарасы бар ғимарат Барокко стилінде тұрғызылған.

Неве Шалом синагогасы
Галатада, үлкен Хендека  көшесіндегі синагоганың атауы «Бейбітшіліктің (ынтымақтастықтың) оазисі» ретінде аударылады. 1951 жылдың 25 наурызында ашылған осы ғибадат орны бүгінгі күнге дейін Стамбулдың ең заманауи қуатты синагогасы болып табылады, ал бұл жерге үйленетіндер келеді, бар - мицвы(кәмелетке толу мерекесі) мерекесін осында тойлайды, мерекелер және жерлеу рәсімдері, сонымен бірге басқа да ис ад Раввинат сияқты  діни мерекелер осы жерде өткізіледі.   
 

Ойын-сауық – Шопинг

Стамбулға  шопинг үшін ғана келуге болады. Мұнда бір жерде орасан зор сауда орталықтарымен бірге көршілес дәстүрлі сауда дүңгіршектері, базарлар орналасқан. Сауда жасауға күмәнсіз қолайлы орын бұл – Капалы Чаршы.  Лабиринтке ұқсас шеткергі көшелерде 4000 дүкендер бір-біріне жақын орналасқан.Еминонюда жаңа мешіттің жанында маңызы аз емес дәстүрлі базар, Мысыр Чаршысы орналасқан. Осы дәстүрлі базарларға қарама-қарсы  Таксиму,Нишанташы және Шишлиде заманауи дүңгіршектер бой көтерген. Джумхуриет, Истиклял және  Ирумели көшелерінде келушілердің барлығына да үйлесетін таңдау бар.

Сонымен бірге Топкапы жағында, Джихангир-Чукурджума көшесінде, Ускюдар-Буюкхахам көшесінде, Кадыкой базарында аялдаманың дәл қасында үлкен ескі-құсқы базарлары бар, ескі дүниелерді сатушылар Стамбулдың  шопингінің алуан түрлілігін одан әрі байыта түсуде.


Ойын-сауық – Түнгі өмір

Стамбулдың түнгі өмірі өзінің қонақтарына ұмытылмайтын сәттерді сыйлауға уәде етеді, мұнда кез келген талғам мен бюджетке ойын-сауық табуға болады. Стамбулдың Невизаде көшесіндегі дәстүрлі мейрамханалармен,   Бебек және одан тысқары жерлерде элиталық ойын-сауық орындарымен, тіпті түннің ортасында да ашық тұратын дәмханаларымен, теңіз жағасындағы кештерімен және табиғаты әсем жерлердегі  байыпты кафелермен аты шыққан.

  

ҚАЙДА ЖӘНЕ НЕ ЖЕУГЕ БОЛАДЫ

Стамбулдың тағамдары дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы астардың қатарында саналады. Империяның астанасы болған қалаға азық-түлік, аспаздар, оның барлық бұрыштарының дәмдері мен стильдері әкелініп, осының барлығы да Осман түрік тағамдарының туындауының себептері болған. Түрік тағамдары жаңа дәмдерге жол ашып, күннен-күнге бұрынғыдан да көбірек байи түседі және сонымен қоса Императорлық тағамдардың заңды жалғасы болып табылады. Стамбул тағамдарының негізгі ингредиенттері – қой еті, бұзау еті, қозы еті және алуан түрлі көкөністер.Күріш, әр түрлі қатпарлы бәліштер, бұршақ, зейтүн майымен араластырылған көкөністер асқа қосылған гарнирлер мен тіске басарлар ретінде беріледі. Дәмді кофте(котлеттер),шиш кебаб,донер кебаб немесе айран, кәді қосылған ащы кебаб және кбебетардың басқа да түрлері арнайы мамандандырылған Кебабчилерде (Кебабистерде) болады. Шын мәніндегі тәтті де дәмді ұннан жасалған Кондитерлік бұйымдар, бәліштер, пахлава, канапе және басқалары тікелей осы тағамдарды жасаумен атасынан ұрпағына дейін айналысып келе жатқан шағын дүкендерде  сатылады. Ракы және айран түріктің ең кең тараған ұлттық  сусындары. Олардың екеуінің де түрлері бірдей: Ракы (анистік арақ) өте қуатты спирттік ішімдік, су қосқанда  түсі ақ болады. Ал екінші сусын ол кефирге су қосу арқылы жасалған: Айран. Атақты түрік кофесі  қонақтарға кез келген қолайлы жағдайда беріледі, кофені өте шағын шыны аяқта сүтсіз береді, қалауына қарай қант қосады. «Бір шыны аяқ кофені 40 жыл есте сақта» – деген түрік мәтелі (жасаған жақсылықты ұмытпау) шамамен алғанда 16 жүзжылдықтан бері белгілі жалғастылықпен қолданылып келеді.

 


КӨЛІК

 

Темір жол: 

Қала ішіндегі көлік: Қала ішінде ең көп қолданылатын көлік құралы:
Автобустар мен  бағытты таксилер,  Аксарай орталығынан трамвай, Таксим мен Левентамның арасына метро, Бейоглуға электр трамвайы  жүреді. Қара арасындағы көлік: Стамбулдан елдің барлық қалаларына ТЖ  рейстері бары. Елдің ішіне, халықаралық  автобус станциялары: Анадолу (Азия) жағасына Харем, Еуропалық жағаға Есенлер қатынайды.

Автобус  станциясы. Телефоны : (+90-212) 658 05 05 - 658 10 10 - 658 00 36 (9 Hat) - 333 37 63 - 310 63 63 

Темір жол: Стамбул-Анкара, Изимирден Шығыс Анадолу (Анатолия) қаласына тж рейстері бар. Стамбулдан  Сиркеджи- Вена, Мюнх, Будапешт, Салоники, (Ескишехир,Коня,Газиантеп)- Алеппо, (Татаван,Ван)-Тегеран, S,Москва, Бухарест  бағыттары бойынша халықаралық тж рейстері қатынайды.
Станцияның телефоны : (+90-212) 348 80 20 - 336 19 16 - 337 87 24
Хайдарпаша Гар автостанциясының тел: (+90-216) 348 80 20/336 19 16 
Броньдау үшін  тел: (+90-216) 337 87 24 
Сервистік қызмет көрсету тел: (+90-216) 336 04 75 
Сиркеджи автостанциясы тел: (+90-216) 520 65 75 
Анықтама телефоны: (+90-216) 527 00 50 

Теңіз жолы: Стамбулдан қала ішінде де, сонымен бірге халықаралық тасымалдар да толықтай жолға қойылған.  Осының барлығына қосымша ретінде кемелер Еуропалық порттармен байланысты ұштастыра түсуде.
Қлалар бойынша теңізбен тасымалдау: Кадыкой- Хайдар Паша- Каракой, Иминоню- Ускюдар,Эминону-Кадыкой, Копрю-Еникой, Бейкоз -Каваклар, Сиркеджи- Бостанджи, Копрю-Адалар, Копрю-Ялова, Кабаташ-Чинарджик, Бостанджи- Чинарджик олардың арасында жолаушылар кемелерінің рейстері де қатынайды. 

МІНДЕТТІ  ТҮРДЕ ЖАСА!

Стамбулдың архитектуралық діни аса көрнекті туындыларын, Сулейман және  Сұлтанахмет мешітін  арала,

Аясофия мен Карие мұражайын көр, 

Топкапы Сарайын, Долмабахче және Хисран Румели Сарайларын арала,

 

Кемемен Босфор бойынша және Аралдарға  экскурсия жаса, 

Галата Мұнарасын көр және міндетті түрде Перро Лоттиға кіріп,  Стамбулдың табиғатын бақылап көр,

Мәдени белсенділіктер мен өнерді көрмесең де, 

Түнгі өмірге қызығушылық таныт, 

Ортакоия базар арала, 

Буюкаданы тұтастай фаэтонмен қыдыр, 

Босфорда, Кумкапыда,  Чичек пассажыда балықтың, Канлыджа жергілікті йогуртының, Бейоглу профитролинің дәмін тат, 

Капаличаршиде кілем, әшекейлер, тері бұйымдарын,  Мысыр чаршысында Рахат лукум, пахлава, пастирма (қоймалжың шырыш), конфеттер сатып ал. Бейоглуда және басқа сауда орталықтарында міндетті түрде сауда жаса!