Чалдагы оңтүстік ентегінің суында кальций тотығы бар, өте мол ақ травертина түзеді және оның ең биік басында орналасқан Хиераполис археологиялық қаласы – біздің дәуірімізге дейінгі жеткен ең жарқын антикалық орталық. Бұл жер Денизли қаласынан 2 км жерде орналасқан, оның атағы емдеу көздерімен де шыққан, осы жердің суы алуан түрлі ауруларды емдеуде пайдалы деп санау қабылданған.
Памуккале табиғаттың таңғажайыбы дүние жүзінің барлығына да белгілі. Денизлиге барар жолда Памуккаленің ақ түсі бірден өзіне назар аудартады. Памуккаленің әдемілігі мен емдік шипалы сулары өзіне әлемнің әр түкпірінен және Түркияның барлық жерлерінен туристерді көптеп тартады. Памуккаленің туристік әлеуеті инвесторларды да бей-жай қалдырмаған, осы өңірде көптеген қонақ үйлер салынған. Бірақ суды қонақ үйлердің санасыз қалай болса солай пайдалануы себебінен Памукале өзінің әдемілігін жоғалту қаупін басынан кешті. Осыған байланысты өңір ЮНЕСКО-нің қорғауына алынды.
Памуккаленің жанында өзінің емдік қасиеттерімен әлемге әйгілі Карахият термальдық бастауы орналасқан.