Кушадасы – ең үлкен курорты қала, Түркиядағы космополит, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан. Кушадасының ойын-сауық және сауда орталықтары үлкен қалалардың орталықтарынан еш кем емес, ал жазғы уақытта мұндағы халық саны бір миллионға жуықтайды.
Кушадасыда туристік кемелерге арналған екі қайық тоқтайтын айлақ бар және шамамен 650 желкенді қайыққа арналған порт бар.
Ол өте үлкен портты қала болғандықтан да біздің елімізге кемелермен және желкенді қайықтармен келген туристерді қарсы алады. Кушадасының порттарынан көктемгі және жазғы кезеңдерде (1 сәуірден 20 қазанға дейін) Грек аралдары – Сисамға (Самос) қайықпен тұрақты рейстер ұымдастырылған. Портта жолаушылар кемелері бір күндік және сағат бойынша турлармен жұмыс істейді, сонымен бірге желкенді қайықтарда көк турлар да бар.
Кушадасы әлемнің барлық бұрышынан келген туристерді қабылдай отырып, тарихқа қатысты жәйттарға басты назар аударады. Қаланың дәл орталығында орналасқан Көгершіндердің Аралшығына арналып аталған қала күн батқан кезде өзінің әсем пейзажымен ғажап әсер қалдырады.
Көгершіндердің Аралшығында орналасқан Византия уақытымен байланысты биік мұнара кеме тоқтайтын айлақтың құрғақ жерімен тығыз байланысты.
Солтүстігінде Сельджукпен және Памуджакпен шектессе, ал оңтүстігінде облыс орталығы Дилек түбегімен шектеседі ; сонымен бірге Измир, Эфес, Әулие Мария, Милет, Дидим, Памуккале, Мармарис және Бодрум сияқты аса маңызды туристік орталықтардың үнемі назарында болады.