Мармарис – демалуға арналған әдемі орындардың бірі. Жағалау желіліерін шығанақтар қоршаса, биікке көтерілген қыраттары қарағай ағаштарын жамылып, көкжиекте теңіздің көкшілдерімен ұштасады және антикалық көне қала көптеген жергілікті және шет елдік туристерді өзіне тартады. Соңғы жылдары инфрақұрылым белсені даму үстінде, бірақ соған қарамастан Мармаристың қайталанбас географиясы өзінің әдемілігін сақтап қалуда.
Осы курортты қалада соңғы кезде көбінесе таңдауға жол беріледі, қалада бес жұлдызды қонақ үйден шағын отбасылық пансиондарға дейін кез келген бюджетке тұратын жер таңдаудың түрлері көбейді. Қонақ үйлердің көпшілігі терезесінен теңіз анық көрініп тұратын басты көшеде орналасқан. Демалушылар күндіз теңізбен және күннің сәулесінен ләззат алса, кешке қарай жиектерінде пальма өсіп тұрған бас көшеде серуендеп рақаттанады. Мармардың көптеген мейрамханалары, дәмханалары мен ойын-сауық орындары күннің көзі шыға салысымен жандана бастайды. Дүкендері түннің бір уағына дейін ашық тұрады, олардан өзіңіздің іздегендеріңіздің барлығын – киімді де, қолдан жасалған бұйымдарды да, тарту сыйлықтары мен әшекейлерді де таба аласыз. Ал ойын- сауық орындары таңға дейін жұмыс істейді. Бүкіл жаз уақыты бойына Мармариске және оның айналасындағы жерлерге кеш әбден қарайғанға дейін бағытты автобустармен, таксилермен және қайықпен жетуге болады. Қала орталығындағы Мармаристің мұнарасын және базардағы тарихи Базарды көруге тұрарлық. Мұнараның жанындағы желкенді қайықтардың айлағынан күні бойына қыдыратын кемелер және көк экскурсиялар бастау алып, қозғалып кетеді. Дем алудың ең үздік тәсілі – күніңді қызықты және көңілді өткізу үшін кемелерге тур алып, айлақ бойынша, Мармаристің айналасында орналасқан аралдарда желмен жарысып қыдыру. Сонымен бірге Мармаристен Родосқа күнделікті рейстер басталған. Күн сайын Родоста экскурсиялар ұйымдастырылған және экскурсияға шыққаның үшін баж салығын төлеу де қажет емес (тек Түрік азаматтарына қатысты арнайы баж салығының түрі)
Ичмелер
Мармаристің тура дәл басында орналасқан, демалысын біртоға қарқынмен өткізуді қалағандар үшін ең таптырмас орын. Ичмелерде қонай үйлер өте көп; жасыл желектің көптігі бұл жерге табиғи әдемілік береді, ласталмаған жағажайлар мен кең көшелер оны толық жабдықталған және мерекелі көңіл күй сыйлайтын демалысқа арналған орын жасайды. Кең алқапқа созылған тау етегіне орналасқан жағажайлардың таңғажайып пейзажы ешкімді де бейжай қалдырмайды, ал белсенді демалуды сүйетіндер үшін бұл жерде кез келген спорттың түрімен айналысуға мүмкіндік мол.
Ичмелерде ойын-сауық, тағам және суысндар аумағында ұсыныстар өте бай. Ал Ичмелер-Мармарис арасында күнделікті қатынауды қалағандар үшін бұл жерде күнделікті, сағат сайын көлік қатынайды.
Заманауи Ичмелер дәстүрлі мәдениеттің өзіндік еркшеліктерін де сақтаған, әсіресе, табиғи ортаны сүюшілер назарын ауылдың тамақтану ортасы мен жағалауға жақын орналасқан ғимараттары өзіне тартады.
Турунч
Ичмелерден сәл әрі қарай үлкен қаладағы өмірді алыста қалдырып, басқа өмірді көргісі келгендер міндетті түрде Туринчті көреді. Кедір-бұдыр жолдың шетінде көз алдымызға көкшіл реңді барлық түсті әдемі теңіз сұлуланып көрінеді, құнарлы жағалауда бәрі өседі; анар, көк өрік, жемістер мен цитрус ағаштары сізді шуға толы орта мен қазіргі заманғы әбігершілікке толы өмірден біржолата алыстатады. Теңіз бұл жерде дайвинг үшін табылған олжа ғана. Су спортының түрлерінен басқа бұл жерде жаяу жүруді ұсынады, ал экскурсияның тізімінің басын джиптермен сапарлар (сафари) бастайды.