Анталия

СИПАТТАМАСЫ

Жер орта теңізінің ең таза жағалауы болып табылатын Анталияда теңіз, тарих пен табиғат біріккені соншалық өңірдің археологиялық және табиғи әдемілігі Түріктік Ривьера деп саналады. Жер орта теңіздік климат басым болғандықтан, қысы қоңыржай және жаңбырлы болып келсе, жазы аптап ыстық болып келеді. Бұл – ол тіпті шет елдік турист немесе жергілікті болса да теңіздің жағасында демалғысы келген жан үшін демалысқа арналған тамаша орын.

 

ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ

Анталия атауы Аттолостың отаны дегенді білдіреді, Анталияны  2-Атталос Христостың туған күнінен бастап 130 жылда салған, Адрианның келуі  Атталия қаласын бұрынғыдан да дамытты. Саяжайдың шетінде орналасқан қала қабырғаларында қайта қалпына келтірілген  Хадрайн есігі –  көне  шығармалардың ең ғажайыптарының бірі. Қамалда орналасқан қабырғалар Хленистов, Византия, Рим, Сельчюков және Осман империясы уақытының ортақ шығармалары деп есептеледі. Анталияда орналасқан үйлер  сипаттамалары бойынша архитектура тарихы туралы ғана емес, сонымен бірге өңірдің тұрмысын, дәстүрін,өмір стилін де айқын бейнелейді.   1972 жылы ішкі порт, Калеичи ауданы тарихи мәдениет құндылығы деп танылды және қорғауға алынды.

 

 

КЕЛУГЕ ТҰРАРЛЫҚ ОРЫНДАР.

Көне қалалар

Патара (Овагелемиш)

Фетхие – Каш жолы бойынша,  Каштан 41 км жерде орналасқан. Антикалық дәуірдің барлық кезңінде Ликия орнының ең маңызды қалаларының бірі – Патара, әсіресе, Рим мен Византия империясының уақытында стратегиялық маңызды порт қызметін атқарды.


Ксантос (Кынык)

Каштан 45 км қашықтықта. Кынык жері. Ликия жеріндегі  Ешен Чай  шығыс жағалауында салынған үлкен  діни және басқарушылық орталығы.
 

Антифеллос (Каш)

Каштың тарихи атауы – «Антифеллос». Кариа мен Ликия жерін байланыстырып тұрған – Антифеллос жері жолдардың қиылысында  орналасқан, сонымен бірге саудалық  порт  болып табылады.


Перге (Ақсу)

Анталияның шығысына қарай 18 км-де Буджагы шекарасының ішкі жағы Ақсу деп аталады. Өйткені Киликия-Писидия сауда жолдарында орналасқан, Памфилияның маңызды қалаларының бірі болып табылады.


Олимпус (Чиралы - Янарташ)

Анталияның оңтүстігінде, Фаселистен кейінгі маңызы жөнінен екінші портты қала.  Тахта тауы  Тавра (Торос) шығыс қосалқыларының бірі болып табылады.


Мира (Демре, Кале )

Дүние жүзіндегі ең көне қалалардың бірі, қазіргі аудандық орталық Демренің орталығында және айналасында орналасқан. Әсіресе,  Ликия уақытындағы жартастарындағы жерленгендермен, Римдіктердің кезіндегі  Амфитеатрымен және Византия уақытындағы киелі  Николаус шіркеуімен атақты.


Аспендос

Памфилияның ең маңызды қалаларының бірі. Анталияның шығысында 45 км-де орналасқан. Аспендоста  Түркиядағы ең сақталып қалған  амфитеатр орналасқан. Зено архитектордың ұлы Маркус  Аурелиус  Император басқарған уақытта тұрғызылған.


Жағажайлар

Түркияның ең маңызды туристік орталықтарының бірі, Анталия жағалауынан 500 км тік сызық бойымен созылып жатыр. Анталияда Көк Жалау сыйлығын алған жағажайлар өте көп.


Клеопатра жағажайы

Анталияның батысында орналасқан, ұзындығы 2 км.Ұсақ дәнді құмды кең алқапты жағажай.  Осы жерде Клеопатраның өзі ванна қабылдады деген аңыз бар, бұл осы ұсақ дәнді құмды кең алқапты жағажайдың ең негізгі ерекшеліктерінің бірі.


Жіңішке дәнді жағажай

Анталияның батысында  20 км жерде орналасқан, әдемі әрі ешкім тиіспеген жіңішке дәнді құмы бар қарағайлы жағажай. Палаткалық лагерь орнатуға арналған алаңы бар.


Шығыс жағажай

Аланияның шығысында, Анталия – Мерсин тас жолында орналасқан. Жағалық қосалқы мен Кейқұбат Жағажайынан 14 км-ден қалыптасқан. Периметрі бойынша жағалау сызығында жағажай құрылыстары бар.


Улаш жағажайы

Анталия – Мерсин тас жолында орналасқан Алания орталығынан батысқа қарай 6 км қашықтықта орналасқан «Караиолу Улаш Динленме Паркы» демалыс саяжайы жағалау сызығы тас жолы бойынша машинамен өтетін жергілікті және шет елдік туристердің демалуына арналған.

 


Пляж Соргун жағажайы

 

Анталияның ең әдемі жағажайларының бірі. Егер оңтүстікке кететін жол бойынша Манавгатқа қарай 6 км жолмен  жүрсеңіз, ешкім тиіспеген жағажай мен жағаға кезігесіз.

 


Кору жағажайы

Жағажай Кору жерінде орналасқан, Газипаше өзінің тегі бойынша ерекше және бірегей болып табылады, бұл жердің суы өзіне өзі сүзгіден өткізіледі. Үш табиғи бассейні бар, оның екеуі анық жүзуді үйренуді бастаушыларға арналған.


Лара жағажайы

Анталияның шығысында 12 км-де орналасқан. Бұл жердің құмы ұсақ дәнді болып келеді және айналасын  қарағайлы орман алып жатыр. Ашық халықтық жағажай, тамақ ішушілерге  арналған асхана, шешінуге арналған кабиналар бар.

 


Адалар жағажайы

Жартасты жағажай Караалиоглуда орналасқан. Тамақ ішетін орын және шешінуге  арналған кабиналар бар.

 

Конияаатли жағажайы

Анталияның батысында  3 км-де орналасқан, ұзындығы шамамен 1,5км, ұсақ жұмыр тастар құммен араласқан. Жағажай халық пайдалануы үшін муниципалитетпен, көпшілік тамақ ішетін орынмен, пансионатпен және қонақ үйлермен жабдықтандырылған.


Кемер жағажайы

Кемер өркениет әлі жетпеген жағажай, Бельдибиден бастап Тикировқа дейін ұсақ дәнді құмнан тұрады. Кемердің орталығында Муниципальдық жағажай,  желкенді қайықтардың портының жанында Айышыгы,Фаселис жағажайлары, осы жағажайларды  суға түсушілердің өздері таңдап алады.


Фаселис жағажайы Phaselis жағажайы

Өте сирек кездесетін әдемі жағажай, өз бойына тарихты, тауды, теңізді, орманды, ұсақ сулы шығанақ пен ұсақ дәнді  құмды біріктірген.

 

Текиров жағажайы

Құз-жартасымен-ұсақ құмы назар аудартатын жағалау жабайы табиғатымен, апельсиндердің нәзік иісімен өзіне еріксіз баурайды.


 Финнике жағажайы

Жер орта теңізінің табиғи жағажайлары, ұсақ дәнді құмдары мен әдемі пейзажы бар. Мұнда Лимирия и Ариканда – Антикалық қалалары орналасқан.


Ардасан жағажайы

Анталияның табиғи порты болып табылады, құз-жартасты-ұсақ дәнді құмы мен тиісілмеген табиғаты мен әдемі пейзажы бар.


Патара жағажайы

Патара (Овагелмиш) қорғалатын табиғат аймағы болып табылады, Каш-Фетхие жолынан облыс орталығына қарай  45 км қашықтықта орналасқан.

 
Мұражай

Анталия мұражайы

Анталия мұражайы 1922 жылы Алладин мешітінде археологиялық олжаларды қоймалаудан басталған, бүгінгі үй-жайында 1972 жылдан бастап қызмет істейді. 1988 жылы мұражай Еуропа Кеңесінің арнаулы жүлдесін алған.


Анталияның  Ататүрік мұражайы

Батыр Мұстафа Кемел Ататүріктің 1930 ж.6 наурызда келген және бір апта тұрған үйі. 1980 жылы қайта қалпына келтірілген және келушілерге өз есігін Ататүріктің мұражайы ретінде ашқан.


Калеичидегі  Суна мен Инана Кыраджы  мұражайы(Жеке мұражай)

Мұражай Анталиядағы  Калеичи  мәдени жетістігі ретінде тіркелген, қорғалатын екі ғимаратта орналасқан. Ғимаратты  Суна мен Инан Кыраджы 1993-1995 жылдары аянышты күйінде сатып алынған,  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

 


Табиғат сұлудықтары

Анталия аумағында  4 ұлттық  саяжай және 1 табиғат саяжайы орналасқан. Осы ұлттық және табиғи саяжайларда жергілікті және шет елдік туристердің  күнделікті дем алуына барлық жағдайлар жасалған, аялдамаларған арналған орындар бар, олар палатқалық лагерьдің де, машиналарды қою үшін де барлық тұтынушылық талаптарға сай келеді.


 Олимпос бей даглары саяжайы

Олимпос бей даглары ұлттық жағалау саябағы ұзындығы Сарысудан  бастап  Анталия – Кумлуджатас жолына Жер орта теңізінен Гелидоня Бурнуға қосарлас орналасқан.

Жер орта теңізінің батыс жағалауындағы бұғазында жабайы жағажайлар мен антикалық қалалар бар.  Осылардың ішіндегі жағажайлардың ең үлкені және әдемісі –  Чыралы мен Адрасан жағажайлары.    Антикалық Фаселис қаласында археологиялық, тарихи әдеміліктер флорамен (өсімдіктер дүниесі) және фаунамен (жануарлар дүниесі) қосылып, қаланы ерекшелендіре түседі.


Копюрлю каньон саяжайы Ұлттық саяжайы

Копюрлю каньон саяжайы Ұлттық саяжайы, антикалық  Сельге қаласы мен Копрю  өзенінің бойындағы  Мановгата шекарасында орналасқан. Копрю  өзенінде сегіз ай бойы спорттың кең тараған түрлерімен,  қазіргі заманғы рафтингпен айналысуға мүмкіндік бар. Ұлттық саяжайдың ішінде  сафари и трекинг экскурсиялары ұйымдастырылған.


Термессос (Гулюкдагы) Ұлттық саяжайы

Анталияның орталығында  Коркутели шекарасында орналасқан. Ұлттық саяжайдың орталығы болып табылатын әкімшілік  орталықтан асфальт жол бойынша ұзындығы 9 км Термессос антикалық қаласынан және  Хадриан қабырғаларына дейін созылып жатыр. Термессос (Гулюкдагы) Ұлттық саяжайы осы жерге қайталанбас көк түс беретін өсімдіктердің алуан түріне бай. Мұражайда көне жануарлардың қазып алынған сүйектерінің қалдығы, осы аумақта өмір сүретін және сүрген жануарлар түріндегі тұлыптар мен өсімдіктер мен жәндіктердің     гербарийлері қойылған.


Алтынбешик үңгірі Ұлттық саяжайы

Алтынбешик үңгірі – біздің еліміздің ең үлкен және маңызды үңгірлерінің бірі, бұл шын мәнінде табиғаттың таңғажайыбы деп есептелетін үңгірлік морфологияның тамаша үлгісі. Саяжайда орналасқан  Куршунлу  сарқарамасы осы жердің маңыздылығын арттыра түседі.

 

ОЙЫН-САУЫҚ

Анталия келесі салада бірегеі демалу мүмкіндігін ұсына алады: гольф, су спорты, байдарка сырғанау, тау  спорты, табиғат спорты, спелеология (үңгірлерді зерттеу), киелі жерлерге конгресстер мен туризм.


Түнгі өмір

Анталияда түнгі өмір өтеі белсенді және қолжетімді болывп табылады. Әсіресе жазғы уақытта теңіз жағасындағы айлақта орналасқан экскурсиялық кемелер мен айнала үшін біздің алдымыздан көпшілікке кеңінен белгілі жергілікті және шет ел туристеріне арналған дискотека мен барлардың есігі ашылады. Кемер және Титреен түнгі уақытта алуан түрлі пабтардың,  рок барлардың, дәстүрлі тамақ ішетін жерлер мен т.б.орындардың қожайындары болып табылады. Анталияда түнгі өмір үнемі қозғалыста болады, алайда Алтын Апельсин кинофестивалі өткен кезеңде Анталияның түнгі өмірі тіпті әсемдене түседі.


Шопинг

2001 жылы Анталия Мигрос СО пайдалануға енгізілген, 104 дүңгіршек оны Анталияның заманауи және үлкен СО бірі жасады. Сондай-ақ 2004 жылдың аяғында  Анталияның аэропортының қарсысында 80 дүңгіршегі бар  өндірушінің орталығы бойынша сауда жүргізетін  Дипоо Оутлет орталығы пайдалануға енгізілді.  Анталияда Калеичиден бастап сыйлық пен сый- тартулар сатып алуға болатын дүкендерді, дәстүрлі қолмен жасалған бұйымдар сататын шағын орындарды көптеп кезедстіруге болады.

ТАҒАМДАРЫ

Анталияның тағамдарының өзіндік түрлері бар, онда Араб пен жер орта теңізінің өзіне тән үйлесімдіктерін көруге болады. Түрік бұршағы (ноқаты)  мен текшелеп кесілген жұмсақ еттен жасалған кулаклы сорпасы, күнжіт  қоймалжыңы қосылған бұршақ салаты, тандыр кебаб, күнжіт  қоймалжыңы қосылған асқабақ десерті және жүзім потакасы,  бергамот тоспасы осы тағамдардың айырбастауға болмайтын ингредиенттері болып табылады.

 

КӨЛІК

Тас жол :

Анталияның тас жолы Түркияның барлық өңірлерімен байланыстырады. Анкара және Стамбул сияқты ірі қалалардың арасындағы ең қолайлы тас жол–  Афйон – Бурдур- Анталия.
Автобус  станциясы: Tel: (+90-242) 331 12 50 

Әуежолдары  :
Әуекомпаниялар  Анталия  Аэропортына қызмет көрсетеді.
DHMI Анталия Аэропорты,ішкі рейстердің терминалы: Tel : +90- (242) 330 30 30 
Сыртқы рейстердің терминалы: Байындыр, Анталия Tel: +90- (242) 330 36 00 
http://www.thy.com.tr

Су жолдары :
Анталияның теңіз порты, Түркияның ең маңызды теңіз қақпаларының бірі.
Порт әкімшілігі Tel :(+90-242) 259 12 12


 ЖАСАМАЙ ҚАЙТЫП ОРАЛМА!

Бүкіл Анталия бойынша жан-ажқта орналасқан антикалық қалаларды араламай, Анталиялын мұражайын көрмей, Саклыкентке (Жасырын қала) бармай, Калеичиді және Анталияның ескі үйлерін көрмей, Аксеки округінде бәйшешекті суретке түсірмей, Дошемалты кілемін сатып алмай, жергілікті тоспалардың дәмін  татпай …